Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Кітапханалар  заман талабына сай жаңғыра бермекші - АРҚА АЖАРЫ

Кітапханалар  заман талабына сай жаңғыра бермекші

Бүгінгі таңда «Кітап оқушылар қатары сиреп кетті, кітапханаға келушілер саны аз» деген пікірді жиі естиміз. Кітапқа емес, ұялы телефонға үңілушілерді көп көретініміз де жасырын емес. Әлгіндей пікірлер де сол көз көріп жүрген көріністер арқылы қалыптасқан. Алайда, шын мәнісінде жұрт кітап оқудан мүлде қол үзіп кеткен жоқ. Адамзат ғасырлар бойғы тәжірибесі арқылы кітаптың адам дамуындағы, рухани өсіп-жетілуіндегі орнын бағалап қойған. Қанша қашқақтаса да, сол құндылықтан қол үзіп кете алмайды.

Тәуелсіз елімізде бұрынғының үстіне қаншама жаңа оқу орындары ашылып, жастар қаншама жаңа мамандықтарға баулынуда. Әлемдік жетістіктерді игерген мұғалімдер, жетекшілер қаншама? Сондықтан, ұстаздарының бағыт беруімен шәкірттер өзін жаңа сатыға көтерер керемет мазмұнды кітаптарға қол созады, жұрттың бәрі хабардар классикалық шығармалардан кенде қалғысы келмейді. Білімді, мәдениетті жастардың өзара әңгімесіне құлақ түрсеңіз, әртүрлі тақырыпқа жазған эсселерін, шығармаларын оқысаңыз, олардың көп нәрседен хабардар екенін байқайсыз. Ол білімнің көзі кітап екені тағы даусыз.

Көкшетау қалалық ақпараттық кітапхана жүйесіне 12 кітапхана кіреді. Оқырмандардың жалпы саны 26685 болса, келушілер саны 184096 адам. Кітап берілімі 433174. Кітап қоры 197423. Қор үнемі жаңа кітаптармен толықтырылып тұрады. Бұл ретте еліміздегі тарих, мәдениет саласындағы зерттеулердің жүйелі жүріп, көптеген тың дүниелердің жазылып, қолға тиіп жатқанын айта кеткеніміз жөн. Соңғы келіп түскен кітаптар ішінде Ж.Қорғасбектің «Қалам ұшындағы миф», А.Мырзабектің «Мұқағали ғасыры», Е.Жуасбектің «Бикен Римова», Ғ.Есімнің «Дәрістер», Е.Раушановтың «Жаздың жұпар жаңбыры», І.Жақановтың «Інжу Маржан»,  Т.Әсемқұловтың 8 томдық шығармалар жинағы бар. Көзіқарақты оқырмандарды кітап атауларының өзі елең еткізері сөзсіз. Абай, Шәкәрім, алаштықтар туралы жаңа зерттеулер де әркімді-ақ қызықтырады. Сондай-ақ, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ілияс Есенберлин, Қасым Қайсенов, Бердібек Соқпақбаев, Сайын Мұратбеков, Оралхан Бөкеев, Төлен Әбдікұлы, тағы басқа көптеген жазушылардың атақты шығармалары қайта басылып шығып жатыр. Әлемге танылып,әйгілі  атақтарға ие болған шет ел жазушыларының туындылары қазақ тіліне аударылып, қолға тиюде. Кітапханаға келушілер әлгіндей көркем безендірілген, оқуға қолайлы шрифтермен аппақ қағазға басылған, мазмұнды кітаптарға қызықпай тұра алмайды.

Екіншіден, кітапханаға оқырмандарды тарту мақсатымен 3 коворкинг орталығы, 13 инновациялық жоба, 22 клуб жұмыс жасайды. Ондай көпшілік жұмыстардың берері көп. Мысалы, Нұрлан Қыстаубаев жетекшілік ететін «Темірқазық» клубына жиналатын жастардың  белсенділігі, оқу-білімге, ұлтымыздың салт-дәстүріне деген құштарлықтары, жалындаған құлшыныстары адам қызыққандай. Бұл клуб көпке танымал десем, артық айтқандық емес. Көкшетау қаласының жұмысшы жастары арасында өткен «Жеті қазына» зияткерлік ойындарының жеңімпазы, «Жас Ақмола» облыстық  жастар сыйлығының «Жыл жаңалығы» номинациясы бойынша жүлдегері, мұғалімдер мерекесі қарсаңында өткен «Алаш ардақтысы» атты интеллектуалды ойында 1-ші орын алған. Тағы да басқа жетістіктері көп. Электрондық кітапхана меңгерушісі Нұрлан Қыстаубаевтың өзі мәнерлеп оқу сайыстарына қатысып, республикалық байқауларда жеңімпаз атанып жүрген өнерлі жас.

Станционный кентіндегі кітапханада «Шаңырақ», Застанционныйда «Жандауа», Красноярда «Көкжиек», зағиптарға арналған кітапханада «Гармония» сияқты клубтар жұмысы жақсы жолға қойылған.

Заман талабына сай кітапхана жұмысы да өзгерген, жаңғырған. Электронды кітаптар, мәтіндер жеткілікті. Одан әрі толықтырылу үстінде. Оқырманды тарту, кітап әлеміне қызықтыру мақсатында шығарма бойынша қысқа сахналық қойылымдар көрсету, танымал адамдардың пікірін жазып, роликтер дайындау, өткен шаралар туралы қысқа-нұсқа көріністер дайындап, әлеуметтік желіге жүктеу, жаңа кітаптарды әртүрлі тәсілдермен таныстыру сияқты жұмыстар жүзеге асырылып келеді. Бізге қаладағы белгілі әдебиетші ғалымдар, ақын-жазушылар Қасиет Кәкенов, Аманжол Ыдырысов, Сәбит Жәмбек, Ерболат Баятұлы, Аян Қажыбай, Махаббат Жангулина, Қаратай Байкенов, Ғалым Мұсатай, тағы басқа азаматтар қол ұштарын беріп, шараларымызға қатысып тұрады. Өйткені, мақсат ортақ. Тұрғындар, жастар мен балалар көбірек кітап оқыса екен, өткен тарихымызды біліп, ұлттық салт-дәстүрімізді қастерлесе екендейміз. Сондай-ақ, кітапханашылар қаланың саяси, әдеби-мәдени өміріне белсене араласады.

Әрине, жұмыс даталы күндерге, танымал тұлғалардың шығармашылық асуларына орайластырылған жоспарға орай жүреді. Кейде жағдайға қарай жоспардан тыс та шаралар өтіп жатады. Біз қай шарамызды болмасын мазмұнды, сапалы қылып өткізуге күш саламыз. Ол үшін жан-жақты дайындаламыз. Ал, дайындықтың, төккен тердің текке кетпесі анық. Діни қайраткер Зейнелғабиден  әл Жауари,  жергілікті қаламгерлер Мәтен Бижанов, Төлеген Қажыбаев, Ерназар Ыбыраевты еске алу, тарихи тұлғалар Бопай ханым, Сұлтан Бейбарыс, Оралхан Бөкей өмірі туралы шаралар, еңбек ардагерлері Шияп Әлиев, Мұрат Ыдырысұлы, Есілбай Қадыралин, Алтын Жағыпаровамен кездесулер сәтті өтті деп айта аламын.

Келер жылы да Біржан салдың 190, Көкен Шәкейұлының 100, Сәкен Жүнісовтің 90, Мұса Асайынов пен Шәмшия Айтжанованың 95 жылдығы. Қаламдас, әріптестеріміздің мерейтойлары бар. Мемлекеттік мерекелер, даталы күндер айшықты аталып өтіледі. Міне, кітапханашылар халыққа қажет осындай қат-қабат шаруаларды сапалы атқару үшін тынымсыз еңбек етуде. Еңбектері ескерусіз емес. Биыл «Кітапханашы күні» кәсіби мерекесін екінші рет салтанатты түрде атап өттік. «Қазақстанның құрметті кітапханашысы» төсбелгісімен Елена Данчева мен Анар Баймағамбетовалар марапатталды. Жадыра Сағындықова, Самал Мақсотова, Әлия Байтенова, Наталья Красилова, Анар Байгенжина облыс және қала әкімдерінің Алғыс хатын алды. Тәжірибелі мамандар өз білгендерін кейінгі жастарға мұқият үйретуде. Осылайша бірлесе қимылдап, алдағы жоспарларды ойдағыдай орындап шығамыз деп сенемін.

Серік ЖЕТПІСҚАЛИЕВ,
Көкшетау қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар