Сан түлекті қияға самғатқан іргелі оқу орны

Көкшетау қаласындағы №6 мектеп-лицейінің 80 жылдық мерейтойы мектеп ұжымының бірлігі мен ынтымақтастығы нәтижесінде кең көлемде аталып өтті.

«Көкшетау» мәдениет сарайында мектеп оқушылары мен ұстаздарының қатысуымен мерекелік концерт қойылып, әуезді кеш ұйымдастырылды. Мерекелік кешке педагогикалық еңбек ардагерлері, мұғалімдер, мектеп-лицей қызметкерлері, үздік оқушылар, ата-аналар, әр жылдардағы түлектер, қала мен облыстың мемлекеттік органдары және қоғамдық ұйымдарының өкілдері қатысты. Мерекелік іс-шара барысында келген қонақтар мектептің өткен тарихына көз жүгіртіп, естеліктермен бөлісіп, жылы лебіздерін арнап, алғыстарын білдірді.

Жиналғандар назарына алдымен мәдениет сарайының фойесінде мектеп жетістіктерінің көрмесі ұсынылды. Экспозиция аясында түрлі республикалық, облыстық және қалалық конкурстарда, олимпиадаларда, спорттық турнирлерде және ғылыми конференцияларда оқушылар мен педагогтардың жеңістерін куәландыратын дипломдар мен грамоталар ұсынылды. Сонымен қатар педагогтар, қызметкерлер мен оқушылар өздерінің шығармашылық жұмыстары мен әдістемелік басылымдарын көрсетті. Әсіресе, жергілікті газеттерде жарық көрген мақалалары менмектеп оқушылары мен түлектерінің спорттағы жетістіктеріне орай алған грамоталары мен кубоктары көрініс тапқан көрме жиналған көпшіліктің  үлкен қызығушылығын тудырды.

Мәдени іс-шараның шымылдығы оқушылар мен мұғалімдердің вокалдық тобының орындауындағы мектеп туралы попурри-әндермен ашылды. Бұдан соң тарих пәнінің мұғалімі Ербол Шайхығалиев мектептің даму жылдары  туралы баяндама жасады. Баяндамада көрсетілгеніндей, Көкшетау қаласының №6 мектеп-лицейі туралы алғаш рет мұрағат дереккөздерінде 1943 жылы айтылады. Оқу орнының тарихындағы маңызды оқиға 1973 жылы болған. Ардагер-құрылысшы Юрий Феоктистовтың естелігі бойынша, 1973 жылдың қыркүйегінде жаңа мектеп ғимаратының кілтін Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхаммед Қонаев мектеп директоры Клара Королеваға табыстады.

Мектептің 80 жылдығына арнайы мерейтойлық медальдар жасалды. Педагогикалық еңбек ардагерлеріне мерейтойлық медальдарды Ақмола облысы бойынша «Өрлеу» филиалының директоры Әлия Иманова табыстады. Олардың арасында, Валентина Стукова, Лариса Зюбина, Елена Пуд, Генадий Ялынский, Климентина Жаркова және тағы басқалары бар.

Мектеп директоры Гүлнар Жантынқызы Абдықасымова көп жылғы адал еңбегі, белсенді өмірлік ұстанымы, отандық білім беруді дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін мектеп педагогтарын мерейтойлық медальмен марапаттады. Олар: Галия Амриева, Елена Антипова, Акбар Бейсембаев, Жазира Болатова, Нүрия Жанабаева,  Ақмарал Жайлыбаева, АлмагүлҚайдарова, Салтанат Қасымова, Самал Қазбекова, Айгүл Мырзаханова, Берта Млейник, Татьяна Несмиянова, Александра Наумова, Гүлмайра Наушек, Алпысбай Тұрсынбаев, Салтанат Тасымова, Татьяна Таран, Галина Черпакова.

Көкшетау қалалық салалық кәсіподақ комитетінің төрағасы Болат Қожахметов мектептің он үш қызметкеріне білім беру қызметкерлері кәсіподағы облыстық комитетінің естелік сыйлықтары мен Алғыс хаттарын табыс етті. Олардың ішінде мектепке ондаған жылдар бойы адал еңбек еткен он мұғалім мен үш мектеп қызметкері бар. Көп жылғы адал еңбегі үшін облыстық кәсіподақ комитетінің Алғыс хатымен мектеп-лицейінің педагогтары марапатталды. Атап айтсақ, олар Роза Бекешова, Толқын Жұмашева, Айгүл Жамбаева, Гүлнар Ильясова, Райхан Омарова,Виталий Чернышов. Ұстаздық таланты, көп жылғы еңбегі, өскелең ұрпақтың рухани-интеллектуалдық тәрбиесіне қосқан лайықты үлесі үшін қалалық кәсіподақ комитетінің Алғыс хатымен келесі ұстаздар марапатталды: Аманша Аманжолова, Қымбат Нұрғазина, Салтанат Жүсіпова, Қарлығаш Исламова. Сондай-ақ, көп жылғы еңбегі мен өз ісіне адалдығы үшін Зенфира Рзаеваға, Валерий Пудқа, Нелли Кусатоваға қалалық кәсіподақ комитетінің сыйлығы мен арнайы Алғыс хаты табыс етілді.

Жақсы мұғалім мектептің жүрегі болса, мұғалім қауымы шәкіртімен құрметті. Бүгінгі таңда мектеп түлектерін барлық жерде кездестіруге болады. Олар жоғары кәсіби және адал жұмысшылар, қаланың, республиканың кәсіпорындары мен ұйымдарында ғана емес, сонымен қатар, одан тыс жерлерде де жетекші мамандар. Мерекеге келген барлық түлектерге мектеп директоры «Мектептің алтын қоры» сертификаттарын табыс етіп, биылғы жылы №6 мектеп-лицейдің үздік оқушыларының фотогалереясын безендіру жұмыстары басталатынын хабарлады. Әр түрлі жастағы мектеп түлектерінің қатарында педагогикалық еңбек ардагері Марат Ибраев, балалар көркемөнер мектебінің директоры Юлия Желобкова, балалар музыка мектебінде жоғары санатты фортепиано оқытушысы, бөлім меңгерушісі Наталья Соломевич және тағы басқалары бар. Біздің мектептің белгілі түлектерінің бірі – Айбек Хакімбекұлы Баймурзин мектептің салтанатты залына кілем сыйлады. №6 мектеп-лицейінің білімі мен білігі тең, ой-өресі биік ұстаздары мен олардың өнегесі мен тәлімді тәрбиесін алған шәкірттердің әлі талай буыны білім ордасының абыройын асқақтатып, мәртебесін биіктете берері сөзсіз.

Бүгінгі таңда №6 мектеп-лицейі аймақтағы 2000 оқушысы, 200-ге жуық қызметкері бар табысты мектептердің бірі.

Мадина ҚАДЫРБЕК,
Көкшетау қаласындағы  №6 мектеп-лицейінің
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі.

Суреттерді түсірген  Андрей ТЫ

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар