Әсем ән  жас талғамайды

«Достар» мәдениет сарайында «Дауыс 60 +» V-ші қалалық байқауы өтті. Бұл дәстүрге айналған жобаға 60 жастан асқан вокалистер қатысты.

Сахнаға өздері үшін ән айтуды сүйетіндер кезек-кезек шығып, өз өнерлерін ортаға салды. Олар үшін ән әрі досы, әрі жарқын өмір сүруге көмектесетін серігі.Барлық байқауға қатысушылар шабыттанып, шын жүректен өздерінің көңілдеріне жақын әндерін шырқады. Кәсіби қазылар алқасына жеңімпазды анықтау оңайға түскен жоқ.Соған қарамастан, қазылар алқасы ұзақ талқылаудан кейін өз қорытындыларын шығарып, қатысушылардың жақсы вокалын атап өтті.

Байқауда бірінші орынды «Түнде жаңбыр жауып тұр» әніменАлтыншаш Шүкібаева, екінші және үшінші орындарды Нина Иванова мен «Шаңырақ»  ансамблі иеленді. Ал, бас жүлдені «Разыграйся гармонь» әнімен Василий Рустенчук пен Петр Озерянскийдің ерлер дуэті жеңіп алды.

Барлық қатысушылар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар