Жасына байланысты зейнетақы тағайындау рәсімдері жеңілдетілді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Агенттіктің мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту шараларын әзірлеу жөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде жасына байланысты зейнетақы тағайындау тәртібін жеңілдету туралы ұсыныс енгізді.

Жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу кез келген үш жыл қатарынан орташа айлық табысқа негізделе отырып жүзеге асырылады, мұнда орташа айлық табыстың мөлшері жинақтаушы зейнетақы қорларына немесе бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған табысқа сәйкес белгіленеді.

Осылайша бұрын азаматтардың көпшілігі жұмыс орнының таратылуына және мұрағатта тиісті құжаттарының болмауына байланысты кірістерін растай алмағандықтан, бұрын зейнеткерлік жастағы қызмет алушылар кәрілікке байланысты зейнетақыны есептеу үшін табысы туралы анықтаманы уақытылы ұсынбаған. Сондай-ақ, жеке дара кәсіпкерлікпен айналысатын тұлғалар декларацияда көрсетілген табыс пен анықтамада көрсетілген кірістер арасында алшақтық болған жағдайда 100-ге жуық беттегі көлемде декларацияларды қосымша ұсынған.

Осыған байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау жөніндегі уәкілетті органдар өтініш берушілерді хабардар ете отырып, мемлекеттік корпорация арқылы жасына байланысты зейнетақыны тағайындау үшін құжаттарды қосымша өңдеу үшін зейнетақы ісінің электрондық макетін қайтаруға мәжбүр болды.

Нәтижесінде өтініш берушілер мен көрсетілетін қызметті берушінің мамандары кірістер туралы нақты ақпарат алу үшін анықтама берген ұйымдарға, салық органдарына және мемлекеттік мұрағаттарға жүгінуіне тура келетін. Осылайша қызмет алушылар жасына байланысты зейнетақысын тағайындау үшін уақытында кірістерін растауға үлгермейтін.

Осыған орай, департамент талдау барысында көтерілген зейнеткерлік жастағы азаматтардың мәселелерін негізге ала отырып, жасына байланысты зейнетақыны уақытылы тағайындауды қамтамасыз ету мақсатында жоғары тұрған органдарға табыс анықтамаларын беру қажеттілігін жою жөнінде ұсыныстар енгізді.

Осы уақытта Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізіп, онда жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде кірістер мен міндетті зейнетақы жарналарын және басқа да аударымдарды аудару туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйесімен біріктірілген орталықтандырылған деректер базасындағы мәліметтер расталады. Бұл түзетулер өтініш берушілерді құжаттар мен анықтамаларды жинаумен байланысты ауыртпалықтардан босатып, зейнетақы төлемдерін тағайындау тәртібін айтарлықтай жеңілдете түсті.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Ақмола облысы бойынша департаменті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар