Сегізінші шақырылған Ақмола облыстық мәслихатының кезектен тыс алтыншы сессиясы депутат Айнагүл Балташеваның төрағалығымен және облыс әкімінің орынбасары Азамат Тайжановтың қатысуымен өтті.
Күн тәртібінің бірінші сұрағы бойынша «2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешімге өзгерістер енгізу туралы облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Алмагүл Шүгірмақова баяндама жасады. Бұл сұрақ бұрын депутаттық сағатта мұқият талданған болатын, сондықтан,сессияда халық қалаулылары бюджетті нақтылауды бірауыздан қолдады.
Мәслихаттың «Ақмола облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы», «Ақмола облысының Көкшетау және Щучинск қалаларында көшелерді жарықтандыруды жаңғырту және пайдалану»мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Данияр Қуанышбаев түсіндірді.
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Владимир Кулаков мәслихаттың «Ақмола облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» шешіміне енгізілген өзгерістерді баяндады. Оның айтуынша, бұрын қабылданған шешімге толықтырулар Қосшы қаласының ішінде автобус қатынасының маршруттарын ашу қажеттілігімен байланысты.
«Ақмола облысында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бекіту туралы» шешімге өзгеріс енгізу туралы облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Кенеш Әлімжанов хабарлады.
Кадрлық тағайындауларға байланысты облыс әкімдігінің және бірқатар консультативтік-кеңесші органдардың дербес құрамдарынаөзгерістер енгізу туралы шешімдер келісілді.
Сессия жұмысын қорытындылай келе, Ақмола облыстық мәслихаты төрағасының міндетін атқарушы Айнагүл Балташева әріптестеріне екі күн бойы белсенді жұмыс істегендері үшін алғысын білдіріп, депутаттық корпус пен уәкілетті мемлекеттік органдардың осындай үйлесімді ынтымақтастығы мен бюджеттің сапалы қалыптасуы өңірдің көптеген өткір әлеуметтік мәселелерін шешуге ықпал ететінін атап өтті.
Бұдан әрі депутаттар мәслихаттың төрт тұрақты комиссиясының құрамында жұмысын жалғастырып, ағымдағы жылдың алдын ала қорытындылары мен келесі жылға жоспарларын талқылады.
Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.