Тәжірибе жүзіндегі әкімшілік әділет құралдары

Тиімді мемлекеттік аппарат пен басқару кез келген елдің даму, оның экономикалық өркендеуінің маңызды факторлары болып табылады. Әкімшілік әділет көптеген елдерде мемлекеттік аппараттың дұрыс қызмет етуі үшін енгізілген.

ҚазақстандаӘкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің (ӘРПК) қолданысқа енгізілуіменәкімшілік әділет өзінің белсенді дамуын алған.

Кодекс әкімшілік рәсім, әкімшілік істер бойынша сот ісін жүргізуді, жария биліктің азаматтар мен заңды тұлғалармен құқықтық қарым-қатынастарын реттейді.

Мұндай дауларда бір тарап заңға сәйкес әкімшілік органға бағынышты. Жария билік органдары ретінде мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік шаруашылық субъектілері және билік берілген өзге де органдар әрекет етуі мүмкін.

Аталған құқық қатынастарынан туындайтын барлық даулар мамандандырылған әкімшілік соттармен қаралады. Әрине, тиімділік туралы түпкілікті қорытындылар жасау әлі ерте, өйткені, екі жыл сот ісін жүргізу үшін аз мерзім.Сонымен бірге, соттарға келіп түсетін талап қоюлар санының артуы соттың сұранысқа ие екенін көрсетеді. Мәселен, егер 2022 жылысоттар барлығы 1 094 әкімшілік істі қараса, 2023 жылдың 9 айының өзінде 875 істі қарады. Талап қоюлардың қанағаттандырылуы 54,6 пайызды құрайды. Бұл сотқа жүгінген азаматтардың жартысынан астамы сот тәртібінде өз құқықтарын қалпына келтіретінін білдіреді. ӘРПК-де көзделген құралдар жария-құқықтық дауларды қараудың сапасын айтарлықтай арттырып, арыз берушілердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Әкімшілік процесті неғұрлым тиімді, азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын қорғауға бағытталған кейбір құралдар туралы айтайын.

Ерекше назараударуға лайық әкімшілік рәсім және сот ісін жүргізу қағидаттары заңнамадағы кемшіліктерді толтырып, оны тәжірибеде дұрыс қолдануға мүмкіндік тудырады.

ӘРПК-нің қағидаттарын шартты түрде үш топқа бөлуге болады:

– тек қана әкімшілік органмен қолданылуы мүмкін әкімшілік рәсімнің

қағидаттары (мысалы: әкімшілік қалауды жүзеге асырудың шектері немесе сенім құқығын қорғау, мөлшерлестік қағидаты);

  • тек қана әкімшілік сотпен қолданылуы мүмкін әкімшілік сот ісін

жүргізу қағидаттары (мысалы: соттың белсенді рөлі қағидаты, әкімшілік сот ісін жүргізудің ақылға қонымды мерзімі);

– әкімшілік сот ісін жүргізу мен әкімшілік рәсімде қолданылатын «әмбебап» қағидаттар (заңдылық, әділдік, құқықтарды, бостандықтар мен заңды мүдделерді қорғау қағидаттары).

Қағидаттардың бірқатары тек қана әкімшілік сот ісін жүргізуде қолданылады. Әкімшілік процесс азаматтық және қылмыстықтан түбегейлі ерекшеленеді.

Соттың белсенді рөлі – бұл жаңа қағидат. Процеске қатысушылардың  түсініктемелеріне, арыздарына, өтінішхаттарына, олар ұсынған дәлелдер, дәлелдемелер және әкімшілік істің өзге де материалдарына қарамастан, сотәкімшілік істі дұрыс шешу үшін маңызы бар барлық нақты мән-жайды жан-жақты, толық және объективті түрде зерттеуі тиіс.

Судья өзінің құқықтық пікірін айтуға, өз бастамасы бойынша қосымша материалдар мен дәлелдемелерді жинауға құқылы. Сот істі қарау кезінде процестің тараптары құқықтарын қаншалықты адал жүзеге асыруына қарамастан, істің тиімді және дұрыс қаралуын қамтамасыз етуге міндетті. Бұл қағидат талап қоюды формальды түрде қарауды болдырмайды.

Аталған қағидатты енгізудің қажеттілігі –талап қоюшылар бастапқы кездежауапкер ретіндегі әкімшілік органмен тең емес құқықтық жағдайда. Жауапкерде әдетте, елеулі ұйымдастырушылық, техникалық, әкімшілік ресурстар бар. Мұндай жағдайларда тек қана сотосы айырмашылықты тегістей алады.

Барлық сатыларда қолданылатын бұл қағидат өз қажеттілігінкөрсетті.

ӘРПК-іне енгізілген процестік мәжбүрлеу шаралары ерекше назар аударуға лайық.

Шаралар азаматтық процестен бізге үйреншікті, белгілі ескерту мен сот отырысы залынан шығарып жіберуден тұрады.

Алайда, ӘРПК-іне ақшалай өндіріп алу деген ұғым енгізілген.

Ақшалай өндіріп алу –бұл процестік мәжбүрлеудің мүліктік шарасы.

Жеке тұлғаға, лауазымды адамға, заңды тұлғаға не оның өкіліне 10-нан бастап 100АЕК дейінгі мөлшерде ақшалай өндіріп алу қолданылады.

Сот процесс барысында кейбір әрекет (әрекетсіздік) үшін 10 АЕК ақшалай өндіріп алу қолдануға құқылы:

  • процестік құқықтарды теріс пайдалану немесе процестік міндеттерді

орындамағаны үшін;

  • дәлелдемелерді ұсынбағаны үшін;
  • белгіленген мерзімді дәлелсіз себептермен бұза отырып,сот

тапсырмаларын орындамауы, егер бұл істі қараудың созылуына алып келген жағдайда.

20 АЕК мөлшерінде:

  • соттың талабын, сұрау салуын орындамағаны;
  • іске қатысушы адамның сотқа келмегені;
  • сотқа уақытылы хабарламағаны;
  • кері қайтарып алуды уақытылы бермегені;
  • төрағалық етушінің өкімдеріне бағынбағаны;
  • сотта белгіленген қағидаларды бұзғаны, сондай-ақ, сотты құрметтемегені туралы анық куәландыратын өзге де әрекеттер (әрекетсіздік) үшін.

Әрине, аталған шара көбінесе жауапкерлерге қатысты қолданылады.

Мұндай шара тараптарды тәртіпке келтіріп, сот пен процестің қатысушыларына құрметпен қарауды қалыптастырады.

Мәселен, жыл басынан Ақмола облысының соттарымен ақшалай өндіріп алуды қолдану туралы шығарылған 27 ұйғарымдармен 22 лауазымды тұлға, 3 заңды тұлға және 2 жеке тұлғаға қатысты 2 миллион теңгеден астам сомаға ақшалай өндіріп алу қолданылды.

Ақшалай өндіріп алу институтының енгізілуі азаматтар мен заңды тұлғалардың әкімшілік органдардың лауазымды тұлғаларымен өзара қарым-қатынастың теріс сипатына тиімді әрекет етіп, бір мезгілдеолардың сотқа  сенім деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.Ақшалай өндіріп алу – жазалау құралы емес, алдын алу шарасы. Нәтижесінде тек қана мемлекеттік органдардың қызметі жақсарып қоймай, азаматтардың мемлекет пен құқықтық тәртіпке деген сенімі қалыптасады. Осындай нәтижелер заң үстемдігін, қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуға, сондай-ақ, халықтың құқықтық мәдениетін арттыруға септігін тигізеді.

Әкімшілік сот ісін жүргізу жаңашылдықтарының тағы бірі жазбаша талқылау болып табылады. Жазбаша талқылау тәртібімен әкімшілік іс  үйреншікті ауызша процесті жүргізбестен қаралады. Сотпен дәлелдемелер зерттеліп, олар бойынша шешім қабылданады. Сот жеке процестік әрекетті жасау немесе процестік мәселені шешу үшін ауызша сот отырысын тағайындауы мүмкін. Бұл ретте,сот нақты мерзімдерді белгілеп, қажетті ақпарат пен дәлелдемелерді жазбаша нысанда ұсынуды талап ете алады. Жазбаша іс жүргізуге қатысты шешім ӘРПК-інің жалпы ережелері бойынша шығарылып, шағымдалады. Статистикаға сәйкес, жыл басынан бері облыс соттарымен істердің 13,1 пайызы жазбаша іс жүргізуде қаралған. Нәтижесінде әкімшілік әділет мемлекеттік аппарат, азаматтар және бизнестің өзара қарым-қатынасын жаңа жолмен құрастырады.

Қазіргі кезде Қазақстанда әкімшілік әділет даму сатысында. Әкімшілік әділет құқықтық институттардың дамуының, құқық үстемдігін қамтамасыз етудің кепілі болып табылып, мемлекеттік органдардың қызметінің сапасы мен ашықтығын арттыруға септігін тигізеді.

Арман Жүкенов,
Ақмола облыстық сотының төрағасы

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар