Ақтау қаласында 8-11 сынып оқушылары арасында шығармашыл оқушыларға арналған X республикалық «Ақберен» өнер республикалық байқаудың қорытынды кезеңі өтті.
Оныншы рет өтіп жатқан байқауға еліміздің әр өңірінен 132 оқушы қатысты.
Байқаудың мақсаты: шығармашыл оқушылардың гуманитарлық-эстетикалық ғылымдар саласында кәсіптік қызметін таңдауға шығармашылық қабілетті, өлең жазу, тапқырлық қырын, дарындылығын таныту, олардың шығармашылық қабілеттеріне қолдау көрсетіп, ары қарай дамытуына жол ашу.
Қорытынды кезеңге Ақмола облысынан 6 оқушысы қатысты:
1. «Шешендік, білгірлік сайысы» номинациясы бойынша Алмас Аяулым – Есіл ауданы, Есіл қаласы №3 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы;
2. «Көркемсөз оқу» номинациясы бойынша Бақытбек Аружан – Шортанды ауданы, Степной ауылы жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы;
3. «Эссе жазу» номинациясы бойынша Болатбек Жанбота – Шортанды ауданы, Новокубанка ауылы жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы;
4. «Ұлттық аспапта өнер көрсету» номинациясы бойынша Нурмуханова Дильназ – Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласының Насыр Смағұлов атындағы мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы;
5. «Ақындар айтысы» номинациясы бойынша Сэрэкболатұлы Сәттібек марапатталады – Ерейментау ауданы, Еркіншілік ауылы жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы;
6. «Ақындар мүшәйрасы» номинациясы бойынша Дәулетқызы Баян – Астана қаласы, №2 «Дарын» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 10-сынып оқушысы.
Байқау қорытындысы бойынша ІІ-дәрежелі дипломмен «Эссе жазу» номинациясы бойынша Шортанды ауданы, Новокубанка ауылы жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы Болатбек Жанбота марапатталды.
Грамотамен «Көркемсөз оқу» номинациясы бойынша Шортанды ауданы, Степной ауылы жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы Бақытбек Аружан марапатталды.