Ақмолалық оқушылар 10-шы республикалық «Ақберен» өнер байқауының жүлдегері атанды

Ақтау қаласында 8-11 сынып оқушылары арасында шығармашыл оқушыларға арналған X республикалық «Ақберен» өнер республикалық байқаудың қорытынды кезеңі өтті.

Оныншы рет өтіп жатқан байқауға еліміздің әр өңірінен 132 оқушы қатысты.

Байқаудың мақсаты: шығармашыл оқушылардың гуманитарлық-эстетикалық ғылымдар саласында кәсіптік қызметін таңдауға шығармашылық қабілетті, өлең жазу, тапқырлық қырын, дарындылығын таныту, олардың шығармашылық қабілеттеріне қолдау көрсетіп, ары қарай дамытуына жол ашу.

Қорытынды кезеңге Ақмола облысынан 6 оқушысы қатысты:
1. «Шешендік, білгірлік сайысы» номинациясы бойынша Алмас Аяулым – Есіл ауданы, Есіл қаласы №3 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы;

2. «Көркемсөз оқу» номинациясы бойынша Бақытбек Аружан – Шортанды ауданы, Степной ауылы жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы;

3. «Эссе жазу» номинациясы бойынша Болатбек Жанбота – Шортанды ауданы, Новокубанка ауылы жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы;

4. «Ұлттық аспапта өнер көрсету» номинациясы бойынша Нурмуханова Дильназ – Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласының Насыр Смағұлов атындағы мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы;

5. «Ақындар айтысы» номинациясы бойынша Сэрэкболатұлы Сәттібек марапатталады – Ерейментау ауданы, Еркіншілік ауылы жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы;

6. «Ақындар мүшәйрасы» номинациясы бойынша Дәулетқызы Баян – Астана қаласы, №2 “Дарын” облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 10-сынып оқушысы.

Байқау қорытындысы бойынша ІІ-дәрежелі дипломмен «Эссе жазу» номинациясы бойынша Шортанды ауданы, Новокубанка ауылы жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы Болатбек Жанбота марапатталды.

Грамотамен «Көркемсөз оқу» номинациясы бойынша Шортанды ауданы, Степной ауылы жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы Бақытбек Аружан марапатталды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар