Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
15 қазандықтың орнына бір орталық қазандық болады - АРҚА АЖАРЫ

15 қазандықтың орнына бір орталық қазандық болады

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Атбасар ауданына жұмыс сапары аясында әлеуметтік сала нысандарымен танысып, халықпен кездесу өткізді.

Су тасқынынан зардап шеккендер үшін салынған №1 шағын аудандағы 100 пәтерлі екі тұрғын үйдің құрылыс алаңында Атбасар ауданының әкімі Аманбек Қалжанов жұмыстардың барысы, қабылданған шаралар және құрылыс мерзімдерінен артта қалу себептері туралы баяндады. Оларды салуға қаражат Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен бөлінді.

Мердігерлік ұйымның директоры Руслан Орловтың айтуынша, «Престиж Строй 7» ЖШС бір үйді 2024 жылдың қаңтар айының соңында, ал, екіншісін 2024 жылдың мамыр айында пайдалануға беруді жоспарлап отыр. Қазір қасбеттік және ішкі әрлеу жұмыстары аяқталуда.

Өңір басшысы мердігер ұйымдар мен тапсырыс берушілердің заңды жауапкершілікке тартылғанын атап өтіп, құрылыстың ұзаққа созылуының барлық субъективті және объективті себептерін анықтауды тапсырды.

Одан әрі облыс әкімінің жұмыс сапары Атбасар ауданаралық көпсалалы ауруханасына барумен жалғасты. Мұнда балалар бөлімшесінің шатырына күрделі жөндеу жүргізіліп, қасбетті безендіру аяқталады. Қазір оңалту бөлімшесіне жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмысты желтоқсан айында аяқтау жоспарлануда.

Бас дәрігер Серік Амановтың айтуынша, қажет болған жағдайда көрші аудандардың тұрғындары тиісті диагностикадан өтіп, сапалы медициналық көмек ала алады. Ауруханада МРТ кабинеті бар.

Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Елена Иванова атап өткеніндей, жақын арада жаңа ангиограф сатып алынады.

–Медициналық кадрлар тапшылығы мәселелерін шешу керек. Ауруханаға күрделі жөндеу жүргізу мәселесін қарастырайық, жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау қажет,–  деді Марат Ахметжанов.

Өңір басшысы сондай-ақ, жылу беру маусымының өтуімен және инфрақұрылымды жақсарту бойынша алдағы жоспарлармен танысты.

Биыл орталық қазандықта екі қазандыққа күрделі жөндеу жүргізілді. Сонымен қатар, 3,4 шақырым жылу желілері жөнделіп, аудан орталығы бойынша 27 қазандық сатып алынып, орнатылды. Осы мақсаттарға облыстық бюджеттен 1 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді.

Аудан орталығы Атбасар қаласында тағы 15 қазандық жұмыс істейді. Орталық қазандықты бір үлкен қазандыққа реконструкциялау және жылу желілерін салу жоспарланып отыр. Бұл жылу энергиясының тарифтерін төмендетуге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда жобалау-сметалық құжаттама әзірленді.

Жұмыс сапары халықпен кездесумен аяқталды. Кездесуде аудан әкімі өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айтып берді.

Облыс әкімі аудан басшылығының алдында бірқатар міндеттерді, соның ішінде инвестициялық жобаларды іске асыру және халықтың тіршілігіне қолайлы жағдай жасау жөніндегі жұмыстарды жандандыру міндеттерін белгіледі.

–Қол жеткен әрбір нәтиже нақты жағдайды және оның азаматтардың өмірін қалай жақсартатынын көрсетуі тиіс. Біз жобаларды іске асырудың сапасы мен мерзімдерін қамтамасыз ете отырып, білім беру мен денсаулық сақтаудың жақсы деңгейіне ұмтылуымыз керек, – деп түйіндеді сөзін Марат Ахметжанов.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар