Ақмола облысы – еліміздің жоғары сапалы азық-түлік бидайының төрттен бірін өндіретін жетекші ауыл шаруашылығы өңірлерінің бірі

Бұл туралы аймақ басшысы Марат Ахметжанов ОКҚ алаңында аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған баспасөз конференциясында мәлім етті.

«Қолайсыз ауа райы жағдайлары егін науқанына кері әсерін тигізді. Соған қарамастан, диқаншылар 3 млн тоннадан астам астық жинады. Бұл ішкі қажеттілігімізді толық көлемде қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Үкімет тарапынан зардап шеккен фермерлерге жан-жақты қолдау көрсетілуде», – деді спикер.

Мал шаруашылығында ет өндіру 168 мың тоннаға дейін артты, 350 мың тонна сүт, 608 млн данадан астам тауық жұмыртқасы өндірілді. Өңдеу кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету үшін бірқатар жұмыс атқарылды. Мал басын арттыру арқылы 46 ет және 5 тауарлы-сүт фермасы құрылды. 7 арнайы тауарлы-сүт фермасын ашу жоспарда бар. Бұл қосымша 32 мың тонна тауарлы сүтті өңдеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ аймақ ел бойынша құс етін өндіруде көшбасшылардың бірі.

@ortcom_kz #CCS

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар