Бала тәрбиесі – баршаның ісі

Бала тәрбиесі ата-ана үшін күрделі де жауапты міндет. Жас шыбық иілгіш болса, жас бала да сондай жақсыға да, жаманға да бірдей бейім болатыны баршаңызға мәлім. Бала бақытының кепілі ата-ананың өнегелі тәрбиесінде екенін де ұмытпаған жөн. Әлемге әйгілі шығыс ғұламасы Әл-Фарабидің сөзімен айтсақ: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі».

Біз жас бөбектерімізді, ата-ана, ұстаздар болып бірігіп, бағбанның бағындай мәпелеп, баптап тәрбиелесек, балғын балаларымыздың болашағы жарқын болмақ. Біздің жас ұрпағымызға берер тәліміміз, бірінші тіл тазалығы, екінші салт-дәстүр тазалығы және жан тазалығы. Тіл тазалығы қазақ халқы үшін, еліміз үшін керек. Салт-дәстүр тазалығы әдет-ғұрыпты сақтап қалу үшін қажет, жан тазалығына да осы болашақ ұрпақтарымыздың бауырмал да мейірімді болуы үшін аса ұқыпты да саналы көзқараспен мән беруіміз керек.

Отбасында ата-ананың ықыласына, мейіріміне бөленіп, тәрбие көріп өскен бала балабақшада да, мектепте де өз ісіне жауап бере алады. Біздер балаларымызды шектен тыс телефон мен баланың жас жүрегін қатыгездікке итермелейтін әртүрлі компьютер ойындарынан аулақ ұстап, оның орнына халқымыздың тоғызқұмалақ, бестемше, асық ойнау, тағы басқа ойындарына бейімдесек, сапалы да саналы ұрпақ тәрбиелер едік. Балаларымызды отансүйгіштікке, ата-бабамыздың салт-дәстүріне сай тәрбиелеу баршамыздың ортақ міндетіміз. Отбасының да, балабақшаның да, мектептің де мақсат-мүддесі бір. Ол – еліміздің ертеңгі Қазақстанымызды лайықты алға апарар жас өскінін тәрбиелеу.

Лаура АУҒАПАСОВА,
«Арман» бөбекжайының тәрбиешісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар