Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
7 облыстағы 54 жол учаскесінде көлік қозғалысы шектелді - АРҚА АЖАРЫ

7 облыстағы 54 жол учаскесінде көлік қозғалысы шектелді

Күн райының қолайсыздығына байланысты (ауа температурасының -35С°, -38С° дейін төмендеуі) қазіргі сәттегі ахуал бойынша еліміздің 7 облысындағы республикалық маңызы бар 54 жол учаскесінде жүк, қоғамдық және дизельмен жүретін автокөліктердің қозғалысы шектелді, деп хабарлайды Kazinform.

Абай облысында 1 жол учаскесі — «Омск-Майқапшағай» автожолының 587-733 шақырымы аралығы, яғни Павлодар облысының шекарасынан Семей қаласына дейінгі аралықта;

Ақмола облысында 20 жол учаскесінде, яғни барлық бағыттағы жолдарда;

Ақтөбе облысында 2 жол учаскесінде:
1. «Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай» автожолының 0-234 шақырымы, Қарабұтақ ауылынан Қостанай облысының шекарасына дейінгі аралықта;
2. «Самара-Шымкент» автожолының 776-1153 шақырымы, «ЭколОйл» жанармай құю бекетінен М-32 және А-26 жолайрығына дейінгі аралықта;

Павлодар облысында 8 учаскеде, яғни барлық бағыттағы жолдарда;

Қарағанды облысында 2 учаскеде:
1. «Қызылорда-Павлодар» автожолының 967-1135 шақырымы, яғни Қарағанды қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейінгі аралықта;
2. «Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара» автожолының 231-234 шақырымы, яғни Павлодар облысының шекарасынан Ботақара ауылына дейінгі аралықта;

Қостанай облысында 7 жол учаскесінде:
1. «Жезқазған-Петропавл» автожолының 340-377 шақырымы, яғни Арқалық қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейінгі аралықта;
2. «Қостанай-Әулиекөл-Сурган» автожолының 8-232 шақырымы, яғни Тобыл қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейінгі аралықта;
3. «Екатеринбург-Алматы» автожолының 418-539 шақырымы, Қарабалық ауылынан Қостанай қаласына дейінгі аралықта;
4. «Екатеринбург-Алматы» автожолының 556-729 шақырымы, Тобыл қаласынан СҚО шекарасына дейінгі аралықта;
5. «Мамлютка-Қостанай» автожолының 180-404 шақырымы, СҚО шекарасынан Тобыл қаласына дейінгі аралықта,
6. «Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай» автожолының 234-503 шақырымы, Ақтөбе облысының шекарасынан Рудный қаласына дейінгі аралықта;
7. «Денисовка-Жетіқара-Мүктікөл-РФ шекарасы» автожолының 0-137 шақырымы, Денисовка ауылынан РФ шекарасына дейінгі аралықта;

СҚО-да 14 жол учаскесінде,
1. «Екатеринбург-Алматы» автожолының 729-856 шақырымы, Қостанай облысының шекарасынан Ақмола облысының шекарасына дейінгі аралықта;
2. «Челябинск-Новосибирск» автожолының 465-655 шақырымы, РФ шекарасынан РФ шекарасына дейінгі аралықта;
3. «Астана-Петропавл» автожолының 341-473 шақырымы, Ақмола облысының шекарасынан Бескөл ауылына дейінгі аралықта;
4. “Петропавл-Соколовка-РФ шекарасы” автожолының 11-72 шақырымы, Петропавлдан РФ шекарасына дейінгі аралықта;
5. “Көкшетау-Кішкенекөл-Бидайық-РФ шекарасы” автожолының 50-280 шақырымы, Ақмола облысының шекарасынан РФ шекарасына дейінгі аралықта;
6. «Жезқазған-Петропавл» автожолының 595-946 шақырымы аралығында;
7. «Мамлютка-Қостанай» автожолының 0-180 шақырымы, яғни Мамлютка қаласы мен Қостанай облысы шекарасы аралығында;
8. «Көкшетау-Рузаевка» автожолының 61-196 шақырымы, Ақмола облысының шекарасынан Рузаевка ауылына дейінгі аралықта;
9. “Қарасай батыр мемориалды кешеніне кірер жолдың” 0-24 шақырымы, Саумалкөл ауылынан Қарасай батыр мемориалды кешеніне дейінгі аралықта;
10. «Петерфельд-Архангельск-Новокаменка» автожолының 0-30 шақырымы, Петерфельд ауылынан А-16 автожолына дейінгі аралықта;
11. «Булаево-Возвышенка-Мологвардейское-Кирово-Киялы-Рощинское» автожолының 0-228 шақырымы, Булаево қаласынан Рощинское ауылына дейінгі аралықта;
12. «Рощинское-Корнеевка-Волошинка» автожолының 0-86 шақырымы, Рощинское ауылынан Волошинка ауылына дейініг аралықта;
13. «Волошинка-Сергеевка-Тимирязево» автожолының 0-119 шақырымы, Волошинка ауылынан Тимирязево ауылына дейінгі аралықта;
14. «Тимирязево-Сарыкөл-облыс шекарасы» автожолының 0-31 шақырымы, Тимирязево ауылынан облыс шекарасына дейінгі аралықта жүк, қоғамдық және дизельмен жүретін автокөліктердің қозғалысы шектелді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар