Қытайда жер сілкінісінен 86 адам қаза тапты

Қытайдың солтүстік-батысындағы Ганьсу провинциясында болған күшті жер сілкінісінен 86 адам қаза тапты. Kazinform агенттігінің тілшісі бұл туралы Синьхуа ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жер сілкінісі салдарынан жою бойынша жергілікті штабтың мәліметінше, дүйсенбі күні кешке Ганьсу провинциясының Цзишишань уезінде магнитудасы 6,2-ге дейін жеткен жер сілкінісі тіркелді.

Зілзала салдарынан 86 адам қаза тауып, 96 адам жарақат алды.

Жер сілкінісінің ошағы болған ауданда тұрғын үйлер мен инфрақұрылымға зақым келгені, сумен жабдықтау және электр қуаты үзіліп, жолдар қирағандығы атап өтілді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар