Қысқы туризм: Ақмолада қыс айларында қайда демалуға болады

Ақмола облысы климаттық факторлар бойынша қысқы туризмді дамытуға қолайлы аймаққа жатады. Щучье-Бурабай және Зеренді курорт аймақтарындағы туристік нысандар қыс айларында экотуризм, спорт және сауықтыру бағыты бойынша келушілерге қызмет көрсетеді, деп хабарлайды Kazinform.

Өңірде жұмыс істеп тұрған қонақ үйлерден бөлек, курорттық аймақта қысқы туризм қызметтерін «Оқжетпес», «Алмаз», «Щучинский», С. Сейфуллин атындағы, «Террассалар паркі», «Самал», «Дискавери Бурабай», «Гранд Прикс», «Зерен» тәрізді шипажайлар ұсынады.

туризм
Фото: “Бурабай – Даму” ЖШС баспасөз қызметінен

Қыс мезгілінде турист тарту үшін шипажайларда жыл сайын көрсетілетін қызметтердің спектрі кеңейіп келеді.

Оның ішінде мұз айдындары құйылып, шаңғы маршруттары салынуда, сондай-ақ, шаңғы, коньки, сноуборд, қарда жүретін көліктерді жалға беру орындары ашылып жатыр.

Кәсіби шаңғы әуесқойлары «Елікті парк», «Нұртау» және «Ақ желкен» тау шаңғы курорты мүмкіндіктерін пайдаланады.

қысқы туризм
Фото: “Бурабай – Даму” ЖШС баспасөз қызметінен

Экстремалды әуесқойлар үшін «Rixos Borovoe» қонақ үйінің аумағында «Экстрим парк» жұмыс істейді.

Туристерді қызықтыратын орын — «Бурабай лэнд» ойын-сауық паркі.

қысқы туризм
Фото: “Бурабай – Даму” ЖШС баспасөз қызметінен

Ол қысқы ойын-сауықтың бүкіл спектрін ұсынады (хаски шана, атпен серуендеу, шанамен сырғанау, коньки тебу, квадрацикл, қарда жүретін көліктерді пайдалану).

Ойын-сауық саябағында ересектер мен балаларға арналған аттракциондар, шаман ауылы, фотосуретке түсу аймағы бар.

Сондай-ақ, кішкентай қонақтар үшін «Аяз ата резиденциясы» жұмыс істейді.

қысқы туризм
Фото: “Бурабай – Даму” ЖШС баспасөз қызметінен

Жыл сайын балалар ойын-сауық кешені базасында 50 мыңға дейін туристке қызмет көрсетіледі.

аяз ата
Фото: “Бурабай – Даму” ЖШС баспасөз қызметінен

Халықаралық деңгейдегі жарыстар Щучье қаласындағы Олимпиадалық даярлау орталығының аумағында өткізіледі.

Қыста мұнда кәсіби шаңғышылар мен спортшылар үшін 20-дан астам спорт шаралары өтеді.

— Өткен жылдың қорытындысы бойынша Ақмола облысы Қазақстандағы туризмді дамыту драйверлерінің бестігіне кірді. Өңірде туризмді дамыту географиясы кеңеюде. Бурабай бас курортынан басқа, Зеренді және елордалық туризмді дамыту аймақтары дамуда, — дейді Ақмола облысы туризм басқармасының бөлім басшысы Ерназар Құттығожин.

Астана қаласының қала маңындағы аймағында қысқы туризм қызметтерін ұсынатын бірқатар абаттандырылған демалыс аймақтары бар, оның ішінде Аршалы ауданында «Бейбарыс» демалыс базасы, Ақкөл ауданында «ARKA TOUR» ЖШС шаңғы базасы, «Shar Zhum» демалыс орталықтарына келушілер саны жылдан жылға артып келеді.

туризм
Фото: “Бурабай – Даму” ЖШС баспасөз қызметінен

Қала маңындағы демалысты одан әрі дамыту үшін Целиноград ауданында «Тау паркі» демалыс аймағының құрылысы жобасы (сырғанақтар, мұз айдыны, шаңғы, қарда жүретін көліктер, атпен жүру) жүзеге асып жатыр.

елікті парк
Фото: “Бурабай – Даму” ЖШС баспасөз қызметінен

Сандықтау ауданында шаңғы-роллер базасында жыл сайын шаңғы спорты ардагерлерінің дәстүрлі шаңғы марафоны өткізіледі.

Облыста «Four Seasons» күнтізбелік іс-шаралар жоспарына сәйкес тұрақты негізде қыс мезгілі мен маусымаралық кезеңде курорттық аймақтың жүктелуін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылады.

эльф
Фото: “Бурабай – Даму” ЖШС баспасөз қызметінен

Кеше, 17 желтоқсанда Бурабай курортында қысқы маусым ашылды.

Айта кетсек, бұдан бұрын Бурабайға бір жылда 1 млн шетелдік турист келетінін жазған едік.

туризм
Фото: “Бурабай – Даму” ЖШС баспасөз қызметінен

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар