Ақмолалық үздік медбике атанды

Бейбітшілік және келісім сарайында еліміздің медицина қызметкерлері үшін жылдың басты оқиғасы – «ALTYN SHIPAGER» ұлттық медицина сыйлығының табыс етілуі өтті. Өз саласының үздік мамандары, үздік дәрігерлер, ғалымдар, мұғалімдер, фармацевтер, медбикелер және отандық медицинаның басқа да өкілдері дипломдармен, сертификаттармен марапатталып, Министр мен форумның құрметті қонақтарының қолдарынан мүсіншелер алды.

Елордада Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген денсаулық сақтау саласының үздік өкілдері марапатталды. Республикалық «Алтын шипагер» байқауының жеңімпаздары жаңа өмір мен ұзақ өмірді бейнелейтін алтын лавр бұтағы бар хрустальды мүсіншелерге ие болды.

«Үздік аурухана медбикесі» номинациясы бойынша «Көкшетау қалалық көпсалалы ауруханасы» ШЖҚ МКК анестезиология және реанимация бөлімінің аға медбикесі Ирина Владимировна Троценко марапатталды.

Дереккөз: www.gov.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар