Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
1 қаңтардан бастап Бурабай ұлттық паркіне кіру тарифі өзгереді - АРҚА АЖАРЫ

1 қаңтардан бастап Бурабай ұлттық паркіне кіру тарифі өзгереді

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы (№165-VII) Заңы аясында Салық кодексінің 591-бабына Мемлекеттік ұлттық парк аумағы көлік құралдарын кіргізгені үшін алым алу мәселесі бойынша толықтыру енгізілген болатын. Осыған орай, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап еліміздегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға кіруге жаңа төлем ставкалары бекітілді, деп хабарлайды Kazinform. 

2024 жылға арналған алым мөлшері:

— жаяу жүргінші – 0,1 АЕК (369 теңге);

— мотоцикл, мопед, квадроцикл үшін – 0,2 АЕК (738 теңге);

— жеңіл автокөлік – 0,3 АЕК (1 108 теңге);

— сыйымдылығы 16 орынға дейінгі шағын автобус пен жүк көлігі – 1 АЕК (3 692 теңге);

— 32 орынға дейінгі автобустар – 2 АЕК (7 384 теңге);

— 32-ден астам орындық автобус – 3 АЕК (11 076 теңге).

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан елді мекендерде тұратын және/немесе сол жерде орналасқан саяжайлары бар жеке тұлғалар төлемнен босатылады.

Бурабай, Бұланды және Еңбекшілдер аудандарының ұлттық парк аумағынан тыс орналасқан елді мекендерінің халқы жалпы негізде ақы төлеуге міндетті. Бұл ұлттық паркпен іргелес жерлерде тұратындарға да қатысты.

«Бурабай» МҰТП баспасөз қызметі
Фото: «Бурабай» МҰТП баспасөз қызметі

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке/заңды тұлғалардың автокөлік құралдарынан ұлттық парк аумағында болған әрбір күн үшін төлем алынады.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны алымның ашықтығын қамтамасыз етіп, сыбайлас жемқорлық қаупін азайту үшін «Бурабай» мемлекеттік ұлттық паркінде 5 бақылау-өткізу бекеті автоматтандырылды.

Өткізу бекеттерінің бәрі екінші деңгейлі банктердің төлем қызметіне қосылған (kaspi.kz, homebank, Jusan), яғни төлемді терминал арқылы да, банктік аударыммен де жасауға болады.

Онлайн төлеу үшін банктердің QR-кодтары қойылған. Банк қосымшасымен төлеу үшін шотыңызды алдын ала толтыруға болады (ақылы жолдардағы сияқты). Ондай кезде ұлттық парктен шыққанда төлем автоматты түрде есепшотыңыздан алынады. Төлем банктік аударыммен де, қолма-қол да жасалады.

Бақылау-өткізу бекетінде кептеліс болмауы үшін маршрутты алдын ала жоспарлап, Бурабай ауылындағы ғана емес, басқа да өткізу бекеттерінен де шығуға болатынын ескерулеріңізді сұраймыз.

Анықтама ақпарат:

№1 өткізу бекеті – Астана-Петропавл тас жолы жағынан кіру.

№2 өткізу бекеті – Бурабай ауылында.

№3 өткізу бекеті — Щучинск қаласы арқылы Щучинск-Бурабай курорттық аймағына кірер тұста.

№4 өткізу бекеті – Мемлекеттік ұлттық парк аумағына Щучинск қаласынан «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығы бағытындағы кіре берісте.

№5 өткізу бекеті – Қатаркөл көлінің жанындағы Приозерный орман шаруашылығының аумағында.

Тариф «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» ҚР Заңының 38-бабына орай өзгерді. Көлік құралдары адамдарға қарағанда қоршаған ортаға көбірек зиян келтіретіні (ауаны ластайды, зиянды химиялық заттар таралады, дыбысы қатты) ескерілді.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы төлем республикалық бюджетке түседі, «Бурабай» МҰТП-ның міндетіне оны тек жинау кіреді.

Бұған дейін Қазақстандағы ұлттық парктер аумағына кірудің жаңа тарифі жарияланғанын жазған болатынбыз. Министрлік мамандарының пайымынша, бұл нормалар адамдардың жаяу туризмге назар аударуын ынталандыруға ықпал етеді.

«Бурабай» МҰТП баспасөз қызметі
Фото: «Бурабай» МҰТП баспасөз қызметі

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар