«Ұлттық құндылықтар-тәрбиенің түп қазығы»

Ата-ана мен мектептің  қарым- қатынасы– ұрпақ тәрбиесінің  қайнар бұлағы.  Мектептегі  тәрбие жұмысының нәтижелігінің бір ұшы ата-аналармен, қоғамдастықпен мектептің бірлескен әрекетінде.  Мұғалім мен ата-ананың қарым- қатынасында негізгі рөлді педагог атқарады, өйткені тәрбие жұмысы – оның негізгі мамандығы. Мұғалім ата-аналармен жұмыс істей жүріп, балаға, оның қылықтарына, оқудағы табыстары мен көзқарасына, тағы басқаларға баға беріп отырады.

«Әділетті Қазақстан: адал ұрпақ, са­палы білім, табысты ұлт» атты білім қызметкерлерінің тамыз кеңесінде Оқу- ағарту министрі Ғани Бейсембаев білім беру ұйымдарында «Ұлттық тәрбие – ел болашағы» білім берудің тұжырымдамалық негіздері енгізіліп жатқанын атап өткен бо­латын.

– Министрлік оқушылармен, ата-ана­лармен және қоғаммен идеологиялық жұмысты жандандыруға бағытталған 2023-2025 жылдарға арналған Бірыңғай білім беру бағдарламасын әзірледі. Барлық білім беру ұйымдарында ата- аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталықтары жұмыс істейтін болады. Олардың ең бірінші басымдығы – бала­ларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасы мен мектептің өзара әрекеттесуін күшейту, бала тәрбиесінде оң мәдениетті дамыту,- деді министр.

2023-2024 оқу жылында «Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы» әдістемелік-нұсқау хат негізінде ,адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты ғылыми-әдістемелік кеңесінің шешіміне сәйкес, халқымыздың сан ғасырлық мәдени жәдігерлері мен ұлттық құндылықтарын тәрбиенің негізгі өзегіне айналдыру мақсатында «Өндіріс ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде «Даналық мектебі» «Аталар мектебі», «Әжелер мектебі», «Ағалар мектебі», «Жеңгелер мектебі» клубтарының ашылу рәсімін жасалды.

Мақсаты- озық салт-дәстүрлерді талдап түсіндіру, дәріптеу, отбасы тәрбиесінің үздіксіздігі мен сабақтастығын қамтамасыз ету.

«Даналық мектебі» клубы қызметінің мақсаты – аға буынның педагогикалық әлеуетін өзектендіру арқылы ата-аналардың позитивті мәдениетін дамытуға жәрдемдесу.

Клубтың міндеттері

  • өскелең ұрпақты тәрбиелеуде халықтың ұлттық құндылықтары мен педагогикалық дәстүрлерін қолданудың оң тәжірибесін таратуға ықпал ету.

«Даналық мектебі» клубының қызметінен күтілетін нәтиже: позитивті ата-ана мәдениетін қалыптастыру және өскелең ұрпақты тәрбиелеудің өзекті мәселелерін шешу үшін аға буынның тәжірибесін табысты пайдалану.

«Ұлттық құндылықтар-тәрбиенің түп қазығы» атты тақырыпта мектебімізде аудандық семинар ұйымдастырылды.Семинарға бағдарламаға сәйкес

1-сынып оқушыларымен Байдаулетова Раушан Ерубайқызы «Менің әкем! Ең жақсы адам», 3-сынып оқушыларымен Иманжүсүп Ботагөз Темірбекқызы «Ұлттық құндылықтар-тұнып тұрған тәрбие көзі» ашық тәрбие сағаттарын көрсетті. Мектеп психологы Абдибаева Ақсымбат Нағашыбайқызы «Ұрпақ тәрбиесіндегі рухани-адамгершілік құндылықтары» тақырыбында тренинг көрсетті. Семинарға аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинеті меңгерушісі Атишева Құралай Сембековна және білім бөлім әдіскері Абулгазина Гүлзия Қуатқызы қатысып, білім бөлімі басшысы Барахоева Полина Юнусовна атынан сертификаттар табыс етті. Сонымен қатар семинарға мектептің басшылары, директордың тәрбие орынбасарлары, тәлімгерлер, сынып жетекшілер қатысты.

Дәнекер Холғанатқызы,
«Өндіріс ауылының ЖОББМ» КММ директордың
тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар