Адвокаттық қызмет үнемі қажет

Ақмола облысының аумағында 328 адвокат құқықтық көмек көрсетеді. Оның ішінде 87 адвокат және 12 заң консультанты «Е –Заң көмегі» бірыңғай ақпараттық жүйесіне тіркелген. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облысы әділет департаментінің басшысы Баукен Әлмеш мәлімдеді.

2023 жылғы 21 желтоқсандағы жағдай бойынша Мемлекет кепілдік берген 10976 заң көмегі көрсетілген. Сондай-ақ, биылғы жылы Қазақстанда «Цифлық нотариат» қызмет түрі іске қосылған. Ол нотариат, куәландырылған сенімхаттардың барлық түрлерін онлайн режимде беруге мүмкіндік береді. Қызмет түрі  «Enotary» бөлімінде «eGovMobile» мобильдік  қосымшасы арқылы қолжетімді. Ал, атестаттау бойынша еліміздің аумағында  автоматтандырылған режимде нотариаттық және адвокаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер тұлғаларды атестаттаудан өткізу бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетудің пилоттық жобасы іске қосылған. Бұл жобаның мақсаты рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету, уақытты үнемдеу және қызмет алушыларға қолайлы жағдай жасау болып табылады. Ақмола облысының аумағында аталған жоба ағымдағы жылдың 19 желтоқсанында Көкшетау қаласының «Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару жөніндегі ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы базасында бастау алған.

Сонымен бірге, мүлік иелерінің бірлестігі (МИБ) бойынша жылдың наурыз айында тұрғындардың қолдарын онлайн-жинауды, дауыстарды автоматты түрде есептеуді, кворумды есептеуді және электронды хаттаманы қалыптастыруды көздейтін «онлайн МИБ тіркеу» жобасы іске асырылған. Қазіргі уақытта  25 МИБ электронды түрде тіркелген. Аталған жоба МИБ қызметінің ашықтығын және автоматтандырылуын көрсетеді. Ағымдағы жылы Ақмола облысының аумағында 297 МИБ тіркелген. Оған қоса, бірнеше сағат ішінде жылжымайтын мүлік пен заңды тұлғаны электрондық тіркеу мүмкіндігі іске асырылуда, бұл азаматтардың уақыты мен шығындарын едәуір үнемдейді және тіркеуге қажет құжаттардың тізімін қысқартады.

Департамент басшысының айтуынша, орын алған өзекті мәселелердің қатарында атқарушылық өндірісі бойынша бірқатар жағдайлар анықталған. Жыл басынан бері  Қазақстан Республикасы қылмыстық Кодексінің 139-бабына сәйкес борышкерлерге қатысты алимент өндіру туралы атқарушылық жазба бойынша Ақмола облысының полиция департаментіне 71 ұсыныс енгізілген. Оның ішінде сотқа он ұсыныс жіберілген және Қылмыстық Кодекстің 139 бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тоғыз борышкер тартылған. Олардың алтауының 6 ай мерзімге бас бостандығы шектелсе, үшеуі бір жыл мерзімге бас бостандығынан айырылған. Және де Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 669-бабы бойынша 201 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оның 111-і қамауға алынса, 90 борышкерге айыппұл салынған.

Алиментті өндіріп алу мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында Ақмола облысының Әділет департаменті және  аумақтық  жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен және Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Ақмола облысы бойынша еңбек ұтқырлығы орталығы «Көкшетау қаласының карьерлік орталығы» филиалымен бірлесіп, 16 бос орындар жәрмеңкесі өткізілген. Нәтижесінде, жылдың өткен кезеңінде халықты жұмыспен қамту орталықтарында алимент бойынша есепке қойылған 68 борышкер жұмысқа орналастырылған.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілішісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар