2023 жылғы 21 желтоқсанда Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қорғалжын ауданына жұмыс сапары және аудан тұрғындарымен кездесу барысында көтерілген негізгі мәселелердің бірі, ауылдық округ әкімдері үшін қызметтік автокөлікпен қамтамасыз ету мәселесі болды.
Осы өтінішке жауап ретінде 28 желтоқсанда облыс әкімі Марат Ахметжановтың тапсырмасы бойынша, Арықты және Сабынды ауылдық округтерінің әкімдіктеріне екі қызметтік автокөліктің кілттерін аудан әкімі Берік Жанбаев табыстады.
Дереккөз: www.gov.kz