Марат Ахметжанов Ерейментау ауданында болды

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Ерейментау ауданына жұмыс сапары аясында елорданың азық-түлік белдеуіне кіретін «Жаңа береке» ЖШС мал бордақылау алаңының жұмысымен танысты.

Серіктестік асыл тұқымды мал өсірумен айналысады. Бүгінде ірі қара мал басы 3000-нан асады, оның ішінде екі мың басқа жуық бордақылау. Қоймалары бар жем цехы және жыл бойы «жасыл» жем өсірілетін сүрлем бар. Жануарларды азықтандыру қазіргі заманғы жем таратқыштар арқылы жүзеге асырылады. Айта кетейік, ЖШС 2023 жылы «Алтын сапа» сыйлығын алған.

Өңір басшысы ауыл шаруашылығы кәсіпорнының қызметіне оң баға беріп, Ерейментау өңірінің мал шаруашылығын дамытуда келешегі зор екенін, «Жаңа береке» ЖШС тәжірибесі өзге шаруашылықтарға үлгі болуы керектігін айтты.

Сапар №5 «Теплосервис» қазандығы ШЖҚ МКҚК барумен жалғасты.

Ерейментау қаласында «Теплосервис» қазандығы ШЖҚ МКҚК жанындағы МКК жылу энергиясын өндірумен, берумен, бөлумен және жабдықтаумен айналысады.

Кәсіпорын директоры Ерболат Мадияровтың айтуынша, қазандықта қуаттылығы 30 Гкал/сағ болатын 3 қазандық бар. Жылу желілерінің ұзындығы шамамен 24,8 км құрайды. Бүгінгі таңда 317 үй, оның ішінде 2543 пәтер жылумен қамтылған.

Сондай-ақ сапар барысында өңір басшысы Ерейментау қаласындағы Бөгенбай батыр атындағы мектеп-лицейде болды.

Екі қабатты ғимарат 1954 жылы пайдалануға берілген. Мектепте 21 пән кабинеті, спорт залы, асхана, медициналық кабинет бар. Оқу кабинеттері заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған.

Биыл ғимаратта күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Бүгінгі таңда шатыр, жылу жүйесі, су құбыры, кәріз, электр жабдықтары ауыстырылып, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ аймақ басшысы Ерейментау қаласындағы 45 пәтерлі және 60 пәтерлі (жалға берілетін) коммуналдық тұрғын үйлердің құрылыс барысымен танысты.

Сапар соңында Марат Ахметжанов Ерейментау ауданының халқымен кездесіп, тұрғындарды атқарылған жұмыстардың қорытындысы мен жоспарларымен таныстырды. Тұрғындар толғандырған сауалдарын қойды, соның ішінде Еркіншілік ауылын сапалы сумен қамтамасыз ету, жол жөндеу және т.б.

«Ерейментау ауданы – мүмкіндігі зор өңір. Даму мақсатында ауыл шаруашылығы мен өнімді өңдеу сияқты салаларды дамыту қажет», – деді облыс әкімі.

Дереккөз: www.gov.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар