Есіл ауданында жаңа су құбыры іске қосылды

Есіл ауданының Ақсай ауылында су құбырының тораптарын реконструкциялаудан кейін  ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ететін жаңа су құбыры іске қосылды.

Ақсай ауылының әкімі Серік Әлжановтың айтуынша, 1976 жылы салынған қолданыстағы су құбырында магистральдық су құбырында да, ауылішілік желілерде де жарылыстар жиі болатын.

Жұмыс барысында құрылысшылар төрт ұңғыма бұрғылады, оның екеуі белсенді, екеуі резервтік. Ұзындығы 16 шақырым болатын магистральдық құбырлар тартылып, екінші көтергіш сорғы станциясының ғимараты, әрқайсысының сыйымдылығы 150 текше метрлік екі РЖҚ резервуары және электр желісі тартылды. Жобаға сондай-ақ артезиан ұңғымаларының екі учаскесі, су қоймалары, сыйымдылығы 50 текше метр су мұнарасы бар екінші көтергіш сорғы станциясының блок-модуль кешені кіреді. Объект екі деңгейлі қоршаумен және периметрі бойынша жарықтандырумен қамтамасыз етілген.

Жергілікті тұрғындар барлық жұмысты тиімді атқарған жұмыскерлерге алғысын білдірді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар