Көкшетауда бірінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары мектепке бармайды

Көкшетау мектептерінде бірінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары онлайн оқитын болды, деп хабарлайды Kazinform. 

«Ауа температурасының минус 25 градусқа төмендеуіне және жылдамдығы 28 м/с желге байланысты 15 қаңтарда Көкшетау қаласы мектептерінің бірінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды», – делінген қалалық білім бөлімінің хабарламасында.

Айта кетсек, бұдан бұрын Көкшетауда екінші ауысымдағы бастауыш сынып оқушылары үйден оқитынын жазған едік.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар