Экология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері Бурабай өңірінің жұртшылығымен кездесті

Өткен сенбіде Бурабай ауданында ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиевтің, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының м.а. Данияр Тұрғанбаевтың, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Азамат Тайжановтың қатысуымен ерекше қорғалатын табиғи аумаққа кіру үшін төлем мөлшерлемесін енгізу мәселесі бойынша кеңес өткізілді.

Кездесуге мемлекеттік кірістер жөніндегі уәкілетті органдар, аудандық мәслихат депутаттары, «Бурабай» МҰТП, «Бурабай» МҰТП аумағында шаруашылық жүргізуші субъектілердің өкілдері, жергілікті қоғамдастық, салалық басқармалардың басшылары шақырылды.

Қатысушылар сұрақтар қойып, кіру жарнасынан босатуға қатысты ұсыныстарын айтты.

Нұркен Шарбиев, өз кезегінде, ҚР Салық кодексінің 590-бабының нормасы өзгермегенін айтты, яғни ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың шекараларында орналасқан елде мекендерде тұрақты тұратын және (немесе) саябақ учаскелері бар жеке адамдар, сондай-ақ «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалған табиғат қорғау ұйымдары  төлем төлеушілері болып табылмайды.

Баяндамашы, өз аумағында орналасқан ұйымдардың қызметкерлерін төлемақыдан босату тәжірибесімен бөлісіп, аудан әкімдігіне, мемлекеттік кірістер басқармасына және «Бурабай» МҰТП тәжірибені қарастыруды ұсынды. Жеке, заңды тұлға мен оның қызметкерлерінің, сондай-ақ қызмет көрсететін ұйымдардың көлік құралдарының тізбесі, мәліметтері өзгерген жағдайда дұрыс және тиісінше өзектендірілуі тиіс.

Кеңес аясында Бурабай ауданы тұрғындарының қажеттілігін, туризмді, спорт пен кәсіпкерлік белсенділікті ескере отырып, Салық кодексіне өзгерістерді талқылауға депутаттардың, аудан әкімдігінің, тұрғындар мен бизнес-қоғамдастық өкілдерінің ұсыныстарын қосу туралы шешім қабылданды.

Дереккөз:  www.gov.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар