Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Кәсіпкерлердің құқығын қорғауда айтарлықтай жұмыстар атқарылуда - АРҚА АЖАРЫ

Кәсіпкерлердің құқығын қорғауда айтарлықтай жұмыстар атқарылуда

Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасында өткен отырыста 2023 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылды. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қызметінің басым бағыттарының бірі – бизнес құқығын қорғау екені белгілі. 2023 жылы Өңірлік палатаға 402 өтініш келіп түсті, оынң 245-інде оң нәтижеге қол жеткізілді. Бұл өтініштердің 61 пайызын құрайды. Қорғалған мүліктік құқық сомасы 589 миллион теңгеден асты.

Дәстүр бойынша өтініштер құрылымында жер мәселелері басым (33 пайыз). Содан кейін салық салу (19 пайыз), сатып алу (11 пайыз), АӨК мәселелері, оның ішінде субсидиялау (17 пайыз), логистика, ТКШ (15 пайыз), сондай-ақ құқық қорғау органдарына шағымдар (5 пайыз) құрайды.

Ең өзекті мәселелердің бірі – жер ресурстарын басқару. Атап айтқанда, аумақтарды дамыту бағдарламалары бойынша жер пайдалану құқығын алған және бұл ретте мемлекеттік органдар тарапынан қолдау таппаған агробизнес субъектілерінің проблемасы.

–Жер ресурстарын басқару комитетінің позициясы наразылық тудырады. Өйткені, дәл осы орган өңірдің жер мәселелеріндегі барлық проблемаға, жергілікті атқарушы органдардың саясатына, көптеген шаруашылықтың жер учаскелерін адал игеруіне қарамастан, кәсіпкерлерге қатысты талап-арыз жазуды жалғастырып келеді. Нәтижесінде сот шешімі бойынша жер алынады, әкімдіктің әрекеті заңсыз деп танылады, келісім-шарттар жарамсыз қалады. Бұл жайт іс жүзінде бизнес субъектілерінің банкроттығына әкеп соғады. Бұл мәселені біз биыл да назарымызда ұстайтын боламыз», – деп атап өтті өңірлік кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Расул Сыздықов.

Айта кетейік, агроөнеркәсіп кешені саласындағы түйткілді мәселелер салалық кеңес барысында да қарастырылады. Өткен жылы оң шешілген мәселелердің қатарында «Gosagro.kz» цифрлық платформа мәселелері бар.

–Атап айтқанда, бұл – порталға бірнеше шот-фактураны жүктеу,  gosagro-ны ауыл шаруашылығы техникасын тіркеу жүйесімен интеграциялау, тыңайтқыштарды енгізу нормалары, өсімдіктерді қорғау құралдарын және тыңайтқыштардың құнын субсидиялау нормаларын қол режимінде қосу қажеттілігі, – дейді АӨК бөлімінің бастығы Жайсан Бекқожин.

Жанар-жағар май сапасы бойынша да мәселе шешілді. Осы мәселені талқылағаннан кейін өңірлік кәсіпкерлер палатасы алаңында Павлодар мұнай өңдеу зауытынан Ақмола облысына жанар-жағар май жеткізу көлемі ұлғайтылды, оның сапасы солтүстік өңірдің климаттық жағдайлары бойынша анағұрлым қолайлы.

Кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау шеңберінде 2023 жылы Көкшетау қаласының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы 1128 сервистік қызмет көрсетті, аудандық кәсіпкерлікті қолдау орталықтарында 13129 ақпараттық-консультациялық қызмет көрсетілді. Өңірлік кәсіпкерлер палатасы жанынан жұмыс істейтін әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығында 446 әйел қызмет алды, оқу курстарында 158-ге жуық қызмет алушы жаңа мамандықтарға ие болды.

–Палата кәсіпкерлерді тегін көрсетілетін қызметтер туралы тұрақты негізде хабардар етеді. Сервистік қызметтер бухгалтерлік және салықтық есепке алуды жүргізу, статистикалық есептілікті жасау, заң мәселелері мен конкурстық рәсімдер, мемлекеттік қолдау шараларын қаржыландыру және алу, бизнес-жоспарларды әзірлеу бойынша офлайн және онлайн форматтарда көрсетіледі», – деді кәсіпкерлікті қаржылық емес қолдау бөлімінің бастығы Анар Саниева.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы сонымен қатар, өңірде қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды дамыту бойынша жұмыс жүргізуде. Білім беру ұйымдарының тізіліміне 23 оқу орталығы кіреді, оның ішінде кәсіпорындар жанынан – 4, дербес – 5, колледж жанынан 14 орталық жұмыс істейді.

Жыл сайын жүйелі негізде өңірдің кәсіпорындарына кадрларға болжамды қажеттілік тұрғысынан сауалнама жүргізіледі. Адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы Динара Булгаеваның айтуынша, 2023 жылы 1604 респондент сауалнамаға қатысты. Кадрларға деген қажеттілікті 474 жұмыс беруші (29,6 пайыз) атап көрсетті, бұл ретте, өңірдегі жалпы қажеттілік 4 726 адамды құрайды (2023 ж.– 1630 адам, 2024 ж.– 1515 адам, 2025 ж. – 1581 адам). Кадрларға қажеттіліктің жоғары деңгейі облыс орталығында – 1284 адам, Степногорск қаласында – 608 адам, Қосшы қаласында – 318 адам екендігі атап өтілді.

Жобаларды сүйемелдеу бойынша жұмыс шеңберінде 2023 жылы Өңірлік палата 50-ден астам бизнес-жобаны сүйемелдеді. Сонымен қатар, 829 миллиард теңгеден астам сомаға 82 инвестициялық жоба Ақмола облысының Инвестициялық жобалар картасына енгізілді. Тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алудағы жергілікті қамту үлесін арттыру бойынша үлкен жұмыс жүргізілді. Палата сарапшыларының көмегімен жосықсыз қатысушылар тізілімінен Мемлекеттік сатып алу порталында өнім беруші ретінде кәсіпкерлік қызметін жалғастырған 8 компания алынып тасталды.

–Осы жылы басым бағыттарды іске асыру жалғастырылатын болады. Қазіргі уақытта біз бөлшек салық мөлшерлемесін төмендету бойынша жұмысқа қайта оралдық. Жыл басынан бастап бөлшек салықтың арнайы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесі 190-нан 364 позицияға дейін кеңейтіледі. Қалалар мен аудандардың жергілікті өкілді органдарымен түсіністік бар, мәслихаттар ағымдағы жылдың 31 наурызына, әділет органдарында тіркелгенге дейін мөлшерлемені төмендету туралы шешім қабылдауы керек. Бұдан басқа, таяу болашақта ТМК өңірлік форумын өткізу, оның барысында салалық проблемаларды талқылау, ұзақ мерзімді офтейк-келісім-шарттар жасасу жоспарлануда, – деп атап өтті Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Мұсылманбек.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар