Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Уақытында алған вакцинаның пайдасы зор - АРҚА АЖАРЫ

Уақытында алған вакцинаның пайдасы зор

 Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Айнагүл Мусина қызылша ауруы бойынша эпидемиологиялық ахуал  жөнінде брифинг өткізді. Былтыр еліміз бойынша қызылша ауруы күдігімен 77 мыңға жуық жағдай тіркелген еді. Оның 30 мыңнан астамы зертханалық жолмен расталды.

Екпеден бас тартқандардың қатары арта түсті. Департамент басшысының айтуынша, облыс бойынша өткен жылдың сәуірінен бастап аурудың өсімі байқалуда.

−Жыл басынан бері балабақшаларда осы дерттің 6 жағдайы тіркелді. Оның үшеуі Аршалы, екі  жағдай Астрахан ауданында және Қосшы қаласында бір жағдай анықталды. Ал, өткен аптада 56 жағдай тіркелді. Аурудың өршуі Көкшетау, Степногорск қалаларында, Шортанды, Ерейментау, Жарқайың аудандарында байқалып отыр. Екпе алмаған 20 адам ауырды. Бұл жалпы ауырғандар санының 35 пайызын құрайды. Білім беру мекемелерінде 12 жағдай тіркелген. Жүкті әйелдер арасында қызылша дертіне шалдығудың бір дерегі анықталып, ол модульдік жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды,−деді Айнагүл Мусина.

Республика бойынша өткен жылдың 1 қарашасынан бастап қызылшаға қарсы қосымша иммундау жүргізу туралы қаулы шығарылды. Бірінші кезеңде 6 айдан 11 ай арасындағы сәбилер егілсе, желтоқсаннан бастап екінші кезеңде 2 мен 5 жасқа дейінгі балаларды вакцинациялау басталды. Бүгінгі таңда Ақмола облысы бойынша 3700 сәбиге екпе егіліп, 1 жасқа дейінгі балаларды қызылшаға қарсы вакцинациямен қамту толық аяқталды.

− Жақсы, Қорғалжын, Бурабай аудандарында бұл жұмыс баяу жүргізілуде. Алты жастағы 13 мыңнан астам бала қызылшаға қарсы ревакцинацияланды. Дегенмен, Астрахан ауданында төмен көрсеткіш байқалады. Жалпы, облыс бойынша мектепке дейінгі 500-ден астам ұйымның 137-сінде вакцинациямен қамту 90 пайыздан төмен. Екпе егу жұмысына қатысты талаптар орындалмаған жағдайда мектепке дейінгі мекемелердің басшылығы әкімшілік жауапкершілікке тартылады, – деп атап өтті өңірдің бас санитарлық дәрігері.

Созылмалы аурулары бар ересектер мен балалар, медицина қызметкерлері және жабық білім беру мекемелерінің балалары індетті тез жұқтырады.  Бұл вирустың өршуіне әкеліп соғады. Сондықтан, ен бастысы, сақтық шараларын қатаң ұстанып, дер кезінде вакцинациялану қажет.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар