Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Діни ахуалдың тұрақтылығы – қоғамның  тұрақтылығы - АРҚА АЖАРЫ

Діни ахуалдың тұрақтылығы – қоғамның  тұрақтылығы

Қуаныш СӘБИТ,
Ақмола облысының бас имамы

Қазіргі уақытта қазақстандық қоғамды діни ахуал көбірек алаңдатып отырғаны анық. Ата Заңымыз Конституция бойынша біз зайырлы мемлекетпіз. Соған қарамастан, діни-наным бостандығына да кепілдік беріліп отыр. Біздің асыл дініміз – Ислам еліміздің береке-бірлігін, халқымыздың ынтымақта өмір сүрулеріне қызмет етуде, біз осы қағиданы уағыздаймыз.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» республикалық ислам діни бірлестігіне қарасты Ақмола облысында  қазір 91 мешіт, 50 намазхана және мешіт жанындағы 14 асхана бар. Өткен 2023 жылы өңір бойынша 5 мешіт ашылып, 16 мешіт күрделі жөндеуден өткізілді.

Ақмола облысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты 175 діни 3 әкімшілік  маман қызмет атқаруда. Атап айтар болсақ, 67 бас имам, 40 наиб имам, 32 ұстаз, 35 молда, 1 азаншы бар. Өңір бойынша орташа  жалақы көрсеткіші 140 000 теңгені құрайды.

Біздің филиалға қарасты шариғат және пәтуа, уағыз-насихат, діни білім және кадр даярлау, діни оңалту, дін мен дәстүр, қажылық, ақпарат бөлімдері  мен қоғаммен байланыс, жастар ісі, әйел мен қыздар секторлары, уақып қоры, зекет және қайырымдылық, халал стандарты бойынша  бірқатар ауқымды іс-шараларды жүзеге асырып,  жыл бойы жүйелі жұмыс атқарды.

Қазіргі таңда облыстық «Науан Хазірет» мешітінде діни  кеңес беру орталығы жұмысын жалғастыруда. Мұнда дін саласының білікті мамандары жамағаттың діни сұрақтарына тұшымды жауап береді. Орталықтан онлайн кеңес алуға барынша жағдай жасалған. Ол үшін арнайы ватсап әлеуметтік желісінде нөмір мен жедел желі және кеңес беру орталығы халыққа күн сайын демалыссыз қызмет етеді.

Жыл бойы жеке тұлғалардың 2793 сауалына, жедел желі арқылы 1115 сұраққа және әлеуметтік желілер арқылы келіп түскен 1074 сұраққа білікті, тәжірибелі 12 маман жауап берді. Ғұламалар кеңесінде бекітілген пәтуаларға қатысты имамдарға 5 семинар өткізілді. Жылдың басында бекітілген тақырыптар бойынша 11 мақала жазылып, 10 бейне уағыз түсірілді. Жамағатқа арналған 55 пәтуа сағаты өткізілді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, шариғат және пәтуә бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы, діни бөлім және кадр даярлау  бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сүйерқұлұлы және РАНТ мүшелері Ғазиз Ахмет, Қуаныш Тоқсанбайұлы, Дастан Желеуов жергілікті жамағатқа арналған 17 кездесу өткізді. Кездесуде 5 517 адам қамтылды. ЖАНТ мүшелері өңір ішінде 960 насихат жұмыстарын жүргізіп, 60 059 адамды қамтыды.

Жыл бойы имамдардың біліктілігін арттыруға арналған «Көркем уағыз айтудың әдебі», «Ихсан — рухани-тәрбие негізі», «Зияткер имам – заман талабы», «Ізгі қоғам өзіңді өзгертуден басталады» тақырыптарында және басқа да осыған ұқсас семинарлар өтті. Мешіт жамағатына арналған «Ораза – ихсан көрінісі» және жас отбасыларға «Ажырасу Алла сүймейтін іс» семинарлары ұйымдастырылды. Бір жылда «Қоғамның дерттері» тақырыбында ішімдік пен нашақорлық, құмар ойыны, ЛГБТ, жеңіл жүріс, зинақорлықтың зардабы жайында және «Жүрек дерттері», «Ізгі қоғам», «Ғибратты әңгімерлер», «Ислам әдептері», «Фиқһ және ақида дәрістері» тақырыптарында 143 бейнеуағыз түсірілді. Елімізден шыққан Ахун ишандар мен әулиелер жайында және Ихсан тақырыбына қатысты жергілікті БАҚ-тарда және сайттарда 21 мақала жарияланды.

Имамдардың білімін шыңдау – заман талабы. Осы мақсатта Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Имамдар институтында білімін жетілдіру курсынан 2023 жылы ақмолалық 6 имам тәлім алды. Өңірде 7 білімін жетілдіру семинарларында 113 имам біліктілігін арттырды.

Бүгінгі күні Нұр-Мүбәрак университетінде 40, медресе, колледждерде 36 шәкірт білім алуда. Мешіттер жанындағы сауат ашу курстарында жыл бойы 560 ер адам, 287 әйел адам білім алды. Биыл мешіт ішінде Құран, фиқһ, шәмәил, сира дәрістері ұйымдастырылып, шәкірттер арасында жарыстар өтті.

Діни оңалту жұмысы бойынша Ақмола облысының қызметкерлері жүйелі жұмыс атқаруда. Діни қызметкерлер арасынан оңалту жұмысына білікті 9 маман жұмылдырылды. Жыл ішінде діни қызметкерлер оңалту орталықтары тарапынан 389 ықпал ету акциясын, ал, өкілдік тарапынан 420 ықпал ету акциясын жүзеге асырды. Жалпы, деструктивті діни ағым идеологиясына шалдыққан азаматтармен 809 ықпал ету акциясы жүзеге асырылды. Соның 37 кездесуі қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде орын алды.

Жыл бойындағы жұмыс барысында қызметкерлеріміз оңалту орталықтары тарапынан 186 адамды, ал өкілдік тарапынан 197 адамды толық оңалту жұмысымен қамтып, дін істері басқармасы мен ҚМДБ діни оңалту бөліміне есептерін жолдады. Жүйелі жұмыс нәтижесінде қызметкерлеріміз түрлі оңалту орталықтары тарапынан 21 адамды, ал, өкілдік тарапынан 27 адамды Қазақстандық қоғам құндылықтарына бейімдеді. Сонымен қоса, оңалту орталықтары тарапынан 7 адамды, ал, өкілдік тарапынан 22 адамды дәстүрлі ислам құндылықтарына қайтарды. Барлығын қосқанда, Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен 77 адамға оң әсер жасалынды. Соның 8-і жазасын өтеп жатқандар.

Дін мен дәстүр бөлімі бойынша облысымызда 155 іс-шара атқарылды. Атап айтсақ, облыстық деңгейде «Жарапазан айту» дәстүрі, облыс ақындары арасында дін мен дәстүрді ұштастырып «Науан Хазірет пен Ақан сері дәстүрі» атты айтысы, дін мен дәстүр кітабы аясында сайыстар, дөңгелек үстелдер, ұлттық ойындар тағы басқа,  шаралар атқарылды.  Қоғаммен байланыс бағыты бойынша облыста 342 іс-шара атқарылып, онда 34 246 адам қамтылды. Атап айтсақ 101 кездесу, 68 дөңгелек үстел, 37 әр түрлі сайыс, 55 уағыз насихат, 81 қайырымдылық шарасы өткізілді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2023 жылға арналған жылдық жоспарына сәйкес, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен Науан хазіреттің 180 жылдығына арналған «Науан хазірет Таласұлының рухани ағартушылық қызметі және қайраткерлік тұлғасы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы және «Қариялар – дәстүрімнің қазығы» тақырыбында аймақтық ақсақалдар форумы өткізілді.

Үгіт-насихат жұмыстары бойынша өңіріміздегі жастар ісі секторы жергілікті жастар ұйымдарымен бірлесе, үш бағыт (насихат және сауаттылық, қоғамдық, спорттық) бойынша жыл басынан бері 1125 шара өтті. Насихат және сауаттылық бағыты бойынша – 526 шара өткізіліп, оған 4067 адам қатысты. Қоғамдық 352 шараға, 3572 адам қатысты. Спорттық 247 шара 4876 адамды қамтыды. Облысқа қарасты мешіт жастары арасында «DINtellect» интеллектуалдық сайысы  өтті.

Ұлттық болмысымыздың артықшылығы мен рухани құндылықтарды дәріптеу мақсатында әйел жамағаттарына арналған 149 қоғамдық және мәдени шараға 2201 қыз-келіншік қатысты. Дәстүрлі дінімізді насихаттау барысында 71 уағыз насихат жұмыстары жүргізіліп, 523 адам қамтылды. Жыл бойы 1429 дәріс өтіп, 1581 қыз-келіншек дәріс алды. Сектордың ұйымдастыруымен 13 қайырымдылық шарасы атқарылып, 511 адамға көмек көрсетілді. Ақмола өкілдігінің облыстық, аудандық және қалалық мәртебе алған мешіттерінде қажылық пен ұмраға дайындық мақсатында 115 семинар-сабақтар ұйымдастырылды. Жыл бойы «Tawaf Trevel» қажылық компаниясы арқылы 4 адам үлкен қажылыққа, 2 адам умраға жіберілді.

Облыс бойынша ресми бұйрығы бар бір баспасөз хатшысы қызмет етуде. Бұқаралық ақпарат құралдары бойынша «Nasihat.kz» сайтына 1, өңірлік газеттерде  27  дін тақырыбындағы мақалалар жарияланды. Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде қысқа көлемді діни ақпараттар жарық көрді. Сонымен қатар, облыстық мешіттің «Nasihat.kz» сайтына жалпы, 78 ақпарат жарияланып, әлуметтік желілерде ресми парақшалардың белсенділігі артты.  Мәселен Instagram  желісі мен Youtube арнасында тіркелушілер саны 6719 адамға артқан. Жыл бойы 7368 ақпарат жарияланып, қаралымы 50347 -ға жетті. «Мұнара» телеарнасының өңірлік студиясы ретінде заманауи техникамен жабдықталған студия ашылып, жұмысын бастады.

Ақмола облысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Халал сертификатын иемденген 32 нысан бар. Атап айтсақ 26  кәсіпорын, 6 асхана және 6 қасапшы. Олардың жұмысы әр ай сайын бақыланып, діни басқармаға баяндалып отырады. Облыс бойынша халал стандарттау тақырыбында 7 семинар өткізілді. Осы жылы республика бойынша танымал «Гормолзавод» сүт өңдеу және «Бижан» ет өңдеу кәсіпорындары халал сертификаттарын алды.

Облыс бойынша уақып қорын насихаттау барысында әлеуметтік желілерде 337 ақпарат жарияланды, мешіт жамағатына және кәсіпкерлерге 1025 насихат жұмыстары жүргізілді.

Жүректерге қуаныш ұялату дініміздің асыл құндылықтары екенін ескере отырып, мұқтаж, сырқат, кембағал, мүгедек, есту және көру қабілеті төмен,  жандар мешіттің ұдайы  назарында болды. Биыл «Тайқазан» жобасы бойынша 1 668 отбасы, «Раббың үшін құрбан шал» жобасы бойынша 1065 отбасы,  «Берекелі рамазан айы» жобасы бойынша 60 000 адам, «Қолдан қолға» жобасы бойынша 480 отбасы, «Ауызашар себеті» жобасы бойынша 6823 отбасы,  «Алтын құрсақты батыр аналарға тосын сый» жобасы бойынша 1233 отбасы, «Қайырымды жұма» жобасы бойынша 7277 отбасы, «Үміт сыйла сәбиге» жобасы бойынша 1 балаға 200 000 теңге,  «Жылулық сыйла» жобасы бойынша 82 отбасы қамтылды. Жоғарыда аталған қайырымдылық жобалары аясында 79 219 отбасыға 210 233 820 теңге көлемінде азық-түлік, отын-көмір және тағы басқа қажетті заттармен көмек көрсетілді.

Биылғы жылы «Мектепке жол акциясы» аясында облысымызда 5 286 000 теңгенің сомасына 514 балаға мектеп сөмкесі мен құралдары табыс етілді. Республикалық «Ел үлесі – пәтерге!» қайырымдылық жобасы аясында өңір бойынша 2 баспана мұқтаж отбасыларға табыс етілді. Жалпы, осы мақсатқа 19 миллион теңге көлемінде қаражат жұмсалды. Жыл басында Зеренді ауданы Шағалалы елді мекенінде үйлері отқа оранған көп балалы отбасыға баспана сатып алынды. Сонымен қатар, осы уақытқа дейін жалдамалы пәтерде тұрып келе жатқан  Зеренді ауданының имамына пәтер кілті табысталды.

Құрбан айт күндері мерекелік көңіл күй сыйлау мақсатында облыстық мешіт ауласында балаларға арналған ойын алаңдары орнатылып, ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді. Ақмола облысы бойынша 3176 отбасыға құрбандық еті үлестірілді, бұл шамамен 15,9 тоннаға жуық ет. Облыс бойынша «Өмірге үміт сыйла!» акциясы аясында  сырқаттанған жандарға 640 000 теңгенің көлемінде көмек көрсетілді.

Қорыта келе,  дініміздің өркендеуіне үлес қосып, мешіт жанынан табылған қайырымды азаматтарымызға алғыс айта отырып, жаратқан иеміз Алла Тағалаға сансыз мақтаулар болсын демекпіз.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар