Ақмола облысында қар жинауда 800-ден астам техника жұмылдырылды

Ылғалдың мол түсуіне байланысты өңірде елді мекендер мен автожолдарда қарды тазарту бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде.

Республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарды тазарту үшін өңірдің облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 180-ге жуық арнайы техника жұмылдырды.

Облыстың аудандары мен қалаларында – жол қызметтері жолдарды қардан тазарту бойынша жедел шаралар қабылдауда.

Қазіргі уақытта өңірдің аудандары мен қалаларында қарды тазарту үшін 600-ден астам арнайы техника мен коммуналдық қызметтердің мыңға жуық қызметкері жұмылдырылған.

Оның ішінде Көкшетау қаласы бойынша 60 бірлік техника жұмыс істейді, оның ішінде: 5 – Красный яр және 3 бірлік Станционный ауылдарында.

Дереккөз: www.gov.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар