Басты назарда болады

Жуырда, өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте, Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Арман Ризанов өткен жылғы жұмыс қортындысын журналистерге баяндап берді.

Басқарма қызметінің негізгі бағыты Ақмола облысының аумағында салынып жатқан объектілердің сапасын бақылау болып табылады. Мәселен, 2023 жылы облыс әкімінің тапсырмасы бойынша 130 жоспардан тыс тексеру жүргізілген. «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыратын мердігерлерді тексеру барысында елеулі бұзушылықтар анықталды. Барлық істер бойынша жауапкерлерді айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулылар шығарылды», – деп Арман Ризанов атап өткендей, тексеру нәтижесінде, 107 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оған қоса, 182 құрылыс субъектісіне қатысты әкімшілік ықпал ету шараларын қабылдап, жобаға және құрылыс сапасына сәйкес келмегені үшін 21 мердігер ұйым және техникалық қадағалауды жүзеге асыратын жеті тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Жобалық және рұқсат құжаттарының жоқтығы үшін 44 құрылыс субъектісі аталса, жалпы, өткен жылы 49 миллион теңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұл өндірілген. Сондай-ақ, соттардың қарауына 64 әкімшілік іс жолданған. Құқық бұзушылардың бірі – лицензиясынан айырылған «Градстройсервис» мердігер ұйымы. Қазіргі уақытта осы мердігермен 46 белсенді келісім-шарт бар, олар бойынша шарттарды бұзу жұмыстары басталған. Осы уақытқа дейін 1 келісім-шарт біржақты тәртіппен бұзылған.

Спикердің айтуынша, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша басқарма, құрылыс саласында лицензиялау және аккредиттеу бойынша 5 мемлекеттік қызмет көрсетеді. Олар, авторлық, техникалық қадағалауларды жүзеге асыруға сарапшыларды аттестаттауды, жобаларға сараптама жасауды және ғимараттар мен құрылыстарды техникалық тексеруді жүргізуге сарапшыларды аттестаттайды.

– 2023 жылдың өткен кезеңінде жобалық, іздестіру қызметіне, сондай-ақ, құрылыс-монтаж жұмыстарына 100 лицензия берілді және қайта ресімделді. Біліктілік талаптарына сәйкес, мемлекеттік қызмет стандартына сай келмеуіне байланысты 89 өтініш берушіге қызмет көрсетуден бас тартылды, – дейді басқарма басшысы Арман Тортайұлы.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар