Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Елордада Астана агломерациясын дамыту мәселелері бойынша жиын өтті - АРҚА АЖАРЫ

Елордада Астана агломерациясын дамыту мәселелері бойынша жиын өтті

Елордада Ақмола облысы мен Астана қаласы әкімдіктері өкілдерінің бірлескен отырысы өтіп, онда агломерацияның даму перспективалары мен проблемалық мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Астана агломерациясына Ақмола облысының 46 елді мекені кіреді. Агломерацияны дамытуға арналған Кешенді жоспар жобасында 300 астам іс-шара қарастырылған, оның ішінде облыс бойынша – 230 жуық.

Жиын барысында облыс әкімі Марат Ахметжанов Астана мен қала маңындағы аудандар дамуындағы диспропорция және жол қатынасы сияқты бірқатар түйткілді мәселелерге тоқталды.

Елордаға іргелес елді мекендерді дамытудың жаңа кешенді жоспарының жобасы маятникті қозғалысты қысқартуға және елорда қасындағы ауылдар тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасауға көмектесетін бірқатар шараларды қамтиды, бұл өз кезегінде Астана қаласының көліктік және әлеуметтік инфрақұрылымына жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, облыстың ауыл шаруашылығы мен азық-түлік өндірісіндегі әлеуеті де кеңінен пайдаланылмақ.

Іс-шараның нәтижесінде Ақмола облысы мен Астана қаласының әкімдері бекітетін Астана агломерациясын дамытудың 2024 жылға арналған басым міндеттерін шешу бойынша бірлескен іс-қимыл жоспарын әзірлеу туралы шешім қабылданды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар