Барлық ұсыныстар зерттеліп, қарастырылады

Инклюзивті білім берудің жағдайын зерделеу мақсатында облыстық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы Айнагүл Балташева және «AMANAT» партиясы облыстық филиалының саяси жұмыс бөлімінің меңгерушісі Гүлнәр Әбілмәжінова Көкшетау қаласындағы ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқытумен және оңалтумен айналысатын бірқатар мемлекеттік мекемелерде және үкіметтік емесұйымдарда болды.

«Ерекше өмір» қоғамдық қоры даму ерекшеліктері бар балалардың ата-аналарын біріктірген. Орталықта әр түрлі бұзушылықтары бар балаларды оқытумен және әлеуметтендірумен айналысады, оның барысында ойын түрлері, бассейнде жүзу, гимнастикалық және спорттық жабдықтарды пайдалану сияқты әдістер қолданылады. Орталық толығымен ата-аналардың  төлемдері есебінен жүргізіледі.

№4 орта мектепте аутизм спектрі бұзылған және басқа да диагноздары бар балаларды инклюзивті оқыту бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда. Оқу орнының директоры Мәдина Хасенова инклюзивті білім беруді қолдау кабинеттерінің жұмысы туралы айтып, тәжірибелі педагог-психологтар мен дефектологтардың басты міндеті балаларды мектеп қабырғасында оқуға бейімдеу, уақыт өте келе оларды әдеттегі сыныптарда басқа оқушылармен тең дәрежеде оқи алатындай етіп дамытуды қажет ететін жасырын қабілеттер мен дағдыларды анықтау екенін атап өтті. Сонымен қатар, депутаттан психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар жұмысының сапасына назар аударуды сұрады.

№14 орта мектепте екі ай бұрын жөнделген ғимараттардың біріндеинклюзивті білім беру кабинеттері ашылды.Бұл бөлмелер балаларды оқыту мен оңалтудың заманауи көрнекі және интерактивті құралдарымен жабдықталған. Психологтар мен дефектологтар ерекше балалармен жұмыс жасауда қандай қиындықтарға тап болатындары туралы айтты. Мектеп директоры Жанар Жүсіпбекова мердігер компанияның кінәсінен аяқталмаған жөндеу жұмыстарының ой-шұңғылымен бөлісті.

Сондай-ақ, А.Балташева мен Г.Әбілмәжінова Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесіне қарасты балалардың уақытша болу орталығына барды. Оның барысында бұл мекеменің қызметіне біраз сұрақтар туындады.

Мамандар ортаға салған барлық мәселелер мен ұсыныстар бейінді басқармалардың басшылары мен басқа да мүдделі тараптар өкілдерін шақыра отырып, тұрақты комиссияның отырысында зерделеніп, қаралатын болады.

Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар