Партия атынан сайлауға түскен ауылдық округ әкімдерімен кездесу жалғасуда!

Ауыл әкімінің рөлі мен мәртебесі және олардың қызметтеріндегі кедергілер, ауылдың қазіргі ахуалы, шешімін таппай келе жатқан өткір мәселелер, бастауыш партия ұйымдарының жылды қорытындылауы осы және басқа да өзекті мәселелер «AMANAT» партиясынан сайланған Астрахан ауданында өткен ауылдық округ әкімдері мен бастауыш партия ұйым төрағаларымен кездесу барысында талқыланды. Облыстық  партия филиалының ұйымдастыруымен өткен кездесуге Астрахан және Егіндікөлауданынан бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен ауылдық округ әкімдері қатысты.
Партияның Ақмола облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Ақманат Әлімбетова партияластар алдында сөз алып, 2021 жылдан бастап ауыл әкімдерінің сайлауы өтіп жатқандығын, халықтың қырық пайыздан астамы ауылда тұратындығын, ауыл әкімдерін сайлауы ең алдымен ауыл тұрғындарының  жағдайын жақсарту үшін өткізілетіндігіне баса назар аударды.

«Өздеріңіз білетіндей 2021 жылдан бастап ауыл әкімдерін сайлауы өтіп жатыр. «AMANAT» партиясы,  бұл реформаны жүзеге асыруға толықтай кірісті. Жалпы 2021 жылдан бастап 210 ауыл әкімдерінің сайлауы өтті, Партиямызыдың ел алдындағы беделінің және атқарылған үлкен жұмысының арқасында, 208 сайлауда   «АMANAT» партиясының мүшелері жеңіске жетті», дей келе, партиялық жобалардың жүзеге асуын, сайлауалды бағдарламаның орындалу барысын, депутаттық фракциялардың жұмысына талдау жасап, сайлаушылардың ұсыныс тілектерін орындау бойынша тың мағлұмат берді.

Жиын барасында әр ауданнан келген бастауыш партия ұйымының төрағалары мен аудан әкімдері өз салалары бойынша есеп беріп, жұмыста кездесетін кедергілер мен белгілі бір жетістіктерін баяндады.
Сонымен қатар, партияның Астрахан аудандық филиалына Орталық аппаратымен келісе отырып, Астрахандықтарға жақсы таныс  Сүлейменов Құралбек Сағындықұлы тағайындалғандығын жеткізді.
Бірқатар партияластар белсенді қызметі үшін  арнайы алғыс хаттармен марапатталды.

Айта кетсек, бұған дейін дейін мұндай семинар тренингтер Жақсы, Ерейментау аудандары мен Степногорск қаласында   ұйымдастырылып, партияластармен кездесу өткен болатын.
«AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалының жыл басындағы оң бастамасы одан әрі жалғасын тауып, бастауыш партия ұйымдарын, ауыл әкімдерін, депутаттық фракция мүшелерін қатыстыра отырып  жер жерлерді аралап, кездесулер ұйымдастыруы одан әрі  жалғаса бермек.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар