Қала іргесіндегі ауыл тұрғындары депутаттардан қолдау күтеді

Ақмола облыстық мәслихатының депутаттары Дуанбай Ыбырай мен Умар Шоназаров «AMANAT» партиясы өңірлік филиалының мобильді қоғамдық қабылдауы аясында Зеренді ауданы Қызылтаң ауылының тұрғындарымен кездесті.

Кездесу барысында ауыл тұрғындары облыс орталығының тап іргесінде тұрып жатса да, өздерін біраз уақыттан бері толғандырып келе жатқан мәселелерді көтерді. Бұл – пайшылардың проблемалары, жолдарды жөндеу, су құбыры, интернеттің қолжетімділігі мен сапасы, ойын алаңын орнату мәселелері. Депутаттардың айтуынша, Зеренді ауданының әкімдігі барлық жобалар бойынша облысқа бюджеттік өтінімдер жолдады, енді облыс тарапынан қолдау қажет. Халық қалаулылары барлық өтініштерді және оларды одан әрі шешуді бақылауға алды.

–Мұндай кездесулер күрделі мәселелерді анықтап, олардың бір бөлігін бірден шешуге мүмкіндік береді, кейбір проблемалар тиісінше зерттеу мен талқылауды қажет етеді. Барлық айтылған мәселелерді біз жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп пысықтайтын боламыз, – деп атап өтті өз сөзінде депутат Умар Шоназаров.

Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар