Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың Ұлттық басылым күнімен құттықтауы

Құрметті журналистер, редакторлар және БАҚ қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мереке – Ұлттық басылым күнімен құттықтаймын! Ақмола облысының әкімі аппараты басшылығының атынан және өз атымнан сіздерге қажырлы еңбектеріңіз үшін шын жүректен ризашылығымды білдіргім келеді.

Қазақстан Республикасының Еңбек министрлігі 2023 жылғы  29 маусымдағы бұйрықпен бекіткен «Кәсіби мерекелердің тізбесіндегі 53 кәсіби мерекенің ішінде Ұлттық басылым күні жыл сайын 2 ақпанда атап өтілетін болды. Бұл күн елімізде осыдан 111 жыл бұрын шыға бастаған «Қазақ» ұлттық газетінің алғашқы саны жарық көрген күнге орайластырылып отыр.

Сіздердің кәсіби жұмыстарыңыз әрдайым ерекше де маңызды. Сіздер халыққа елдегі және әлемдегі оқиғалар туралы ақпарат беріп, еліміздің, өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын жан-жақты көрсетуге көп еңбек сіңіріп келесіздер.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев отандық бұқаралық ақпарат құралдары өзінің дамуының жаңа дәуіріне аяқ басқанын атап өтті.

«Жаңа бұқаралық ақпарат құралдарымен бәсекелестік жағдайында сіздер, журналистер, редакторлар және баспа басылымдарының қызметкерлері бүкіл халықтың мүддесін қорғауды және журналистиканың маңызды міндетін орындауды жалғастырып жатырсыздар» деп атап көрсетті бұл ретте, Мемлекет басшысы.

Азаматтық ұстаным және әділеттілікке ұмтылу сияқты журналистиканың құндылықтары алдағы уақытта да мызғымас болып қала береді. Сіздердің еңбектеріңіз бен принциптіліктеріңіз, сондай-ақ, адамдардың жан-дүниесінде әділдікке деген сенімді нығайтуға ұмтылыстарыңыз ең терең ризашылық сезіміне лайық.

Газеттер мен журналдар электронды БАҚ-тың дамуына қарамастан, әрқашан өздерінің адал оқырмандарын табатынына сенімдімін. Сіздер дәстүрлер мен жаңа технологияларды берік үйлестіріп, интернетте және әлеуметтік желілерде де белсенді түрде көріне аласыздар.

Баспа басылымдары біздің қоғамдық өмірімізде маңызды рөл атқарады. Ғасырлар бойы сапалы, сенімді және объективті ақпаратқа, адамдардың мұң-мұқтажына сергек қарауға, жақсылық пен әділеттілік мұраттарын қорғауға негізделген журналистиканың негізгі принциптері қай уақыт, қай дәуірде де үстемдік құра береді.

Журналистік парыздарыңызға адалдықтарыңыз үшін Сіздерге шын жүректен алғыс айтқым келеді. Сіздерге өз аудиторияларыңызды сақтап, әрқашан сүйікті істеріңізде алда болуда, жарқын жобаларды жүзеге асыруда одан әрі табыстар, шығармашылық шабыт тілеймін. Әрдайым денсаулықтарыңыз зор, отбастарыңыз қызық-қуаныш, бақытқа толы болып, жайдары жүзбен, аман-есен жаңа биіктерден көріне беріңіздер!

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар