— Әзербайжанның Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) елде өтетін кезектен тыс президент сайлауына 86 490 бақылаушыны тіркеді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Ровзат Гасымов мәлім етті.
Ровзат Гасымовтың айтуынша, олардың арасында 790 халықаралық байқаушы бар.
«Сайлау туралы хабар тарату үшін 63 шетелдік БАҚ-тың 119 тілшісі аккредитациядан өтті», — деді ол.
Әзербайжанда кезектен тыс президент сайлауы 7 ақпанда өтеді.
Дереккөз: kaz.inform.kz