Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысында Кадрларды даярлау жөніндегі өңірлік кеңес өз жұмысын жандандырады - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысында Кадрларды даярлау жөніндегі өңірлік кеңес өз жұмысын жандандырады

Бүгінгі таңда облыста ауылшаруашылық, техникалық және азаматтық инженерлік білімі бар 1500-ге жуық маман қажет. Бұл мәселені шешу үшін кадрларға деген жалпы және облыстағы жаңадан ашылған өндірістердегі болашақтағы қажеттілікті, жұмыспен қамтуды реттейтін Кадрларды даярлау кеңесі өз қызметін қайта бастайды. Оның құрамына мамандандырылған колледждердің, кәсіпорындардың, «Атамекен» РПП және мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді.

Бұл туралы Көкшетау жоғары техникалық колледжінде облыс әкімі Марат Ахметжановтың техникалық және ауылшаруашылық колледждерінің басшылары және олардың әлеуметтік серіктестерімен кездесуінде белгілі болды.

«Өңірде тұрғын үй-коммуналдық және құрылыс салаларындағы ірі жобалар жүзеге асырылуда және жоспарлануда, соның ішінде Көкшетаудағы жылу электр станциясының, су және кәріздік тазарту құрылыстарының, көпсалалы облыстық аурухананың, жайлы мектептердің және т.б. жаңа мамандарды қажет етеді. Ал, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей әсер ететін экономиканың барлық саласы үшін болашақ мамандарды даярлаудың негізгі буыны бола отырып, кадрлар даярлауда іргелі рөл атқаратын – облыс колледждері», – деп атап өтті Марат Ахметжанов жиналыста.

Естеріңізге сала кетейік, облыста 97 мамандық пен 165 біліктілік бойынша кадрлар дайындайтын 30 колледж бар, онда 20,5 мың студент білім алады.

Білім беру мекемелерінде кәсіпорындардың сұранысы бойынша мамандарды дайындау тәжірибесі бар. Биылғы оқу жылында нысаналы мемлекеттік тапсырыс аясында ірі кәсіпорындардың өтініші бойынша 667 талапкер қабылданса, биылғы оқу жылы 550 адамнан кем емес.

Қазақстан агроинновациялық корпорациясының бас директоры Олег Балыбиннің айтуынша, компания жоғары техникалық колледжмен 2016 жылдан бері ынтымақтастықта.

«Біз инженер мамандығын жандандырып жатырмыз. Инженер – қиын да жауапты атақ. Біздің зауыттың дуальды оқыту бойынша тәжірибесі бар, біз түлектерді қатарымызға шақырамыз. Біз бұл бағытта жұмысты жалғастыруға дайынбыз», – деді О.Балыбин.

Жұмыс берушілердің қатысуымен өндірістік кеңестер жұмыс істейді, облыстағы 700-ден астам кәсіпорынмен, соның ішінде кооперация бойынша дуальды оқыту формасына сәйкес жұмыс жалғасуда.

Сондай-ақ шара барысында аймақ басшысы электрлік және гибридті көліктерге диагностикалау және техникалық қызмет көрсету оқу орталығында болып, студенттерінің ІТ-құзіреттіліктерін қалыптастыру бойынша кейстердің көрмесімен және тұсаукесерімен танысты.

Дереккөз: www.gov.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар