Ақмола облысында онкологиялық аурудан өлім-жітім көрсеткіші төмендеді

Өткен жылдың қорытындысы бойынша он мыңнан астам онкологиялық науқас тіркелген. Онкологиялық сырқаттанушылық құрылымында бірінші орында сүт безі обыры, екінші орында-өкпе обыры, үшінші орында – колоректальды обыр, ал төртінші орында – асқазан обыры, бесінші орында-жатыр мойны обыры.

Онкологиялық науқастардың электрондық тіркелімінің деректері бойынша обыр ауруынан болатын өлім-жітім көрсеткіші 673 жағдайды құрап, 0,4 пайызға төмендеген. Сонымен қатар, 2023 жылы онкологиялық аурулардың алғашқы сатысында ерте диагностика 17,1% – ға өсті. Сондай-ақ, III-IV сатыдағы көрнекі қол жетімді локализациялардың қараусыз қалған және кең таралған ЗН үлес салмағының айтарлықтай төмендеуі байқалады. Ауру асқынған жағдайлардың төмендеу қарқыны 23,1% құрайды.

Онкологиялық науқастарға паллиативтік көмектің қолжетімділігін жақсарту үшін кешенді жоспар шеңберінде мобильді бригадалар ұйымдастырылды. Бұл МСАК ұйымдарындағы жеті мобильді бригада. Өткен жылы 8 мың 586 шығу жүзеге асырылды. Стационарлық және стационарды алмастыратын көмек бойынша барлығы бес мыңнан аса пациент емделді.

Дереккөз:  www.gov.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар