Бұл – шынында да ерекше мектеп!

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың қатысуыменБурабай ауданында ауыл балаларына арналған IQanat High School Of Burabay жаңа заманауи мектеп ғимараты ашылды. Енді жыл сайын Қазақстанның әр өңірінен 800-ге жуық ауыл балалары IQanat мектебіндеқосымшасапалы білім алатын болады.

Салтанатты шараға өңір басшысы Марат Ахметжановпен біргеIQanat  жобасының бастамашысы Айдын Рахымбаев және мектеп қамқоршысы Тимур Турлов қатысты.

Облыс басшысыөзінің құттықтау сөзінде білім ошағы қамқоршыларына алғысын білдіріп, аталмыш білім беру жобасының жүзеге асуының арқасында ауыл балалары үшін шексіз мүмкіндіктер ашылып жатқанын атап өтті.

– Ақмолалық сегізінші сыныптардың 62 оқушысы мектепте оқуға грант алды. Студенттер сонымен қатар, шетелдік және ұлттық университеттерге оқуға шақыру алады. Осылайша жобадағы оқушылар санын арттыру қала мен ауыл арасындағы білім сапасының алшақтығын азайту бойынша жұмысты жалғастыруға мүмкіндік береді, – деді Марат Ахметжанов.

Жаңа ғимарат балалардың спорт, ғылым және өнер салаларындағы армандарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ол үшін барлық жағдай жасалған: планетарий, 400 орындық амфитеатр,
IT және STEM зертханалары, 7 мың кітап қоры бар кітапхана, спорт залы, хореография және фитнес залдары, шахмат клубы, керамика және бейнелеу өнері шеберханалары, коворкинг пен дыбыс жазу студиясы жабдықталған.

Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар