Облысымызда ауылдық елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары жүргізілуде. 2023 жылы 25 жоба жүзеге асырылып, 570 шақырымнан астам электр желілері іске қосылды.
Биыл аймақта электрмен жабдықтау желілерін салу және көшелерді жарықтандыру бойынша 20 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.
Атап айтқанда, Бурабай ауданында 2024 жылы 13 елді мекенге көше жарығын орнату жоспарлануда. Құрылысқа қолданыстағы желілерді жөндеу және жаңаларын салу кіреді. Мәдениет, Қымызынай, Жаңаталап, Баянбай ауылдары мен аудан орталығы Щучинск қаласында жалпы ұзындығы 10 шақырымды құрайтын жаңа жарықтандыру желілері тартылады.
Өткен жылы ауданда Қатаркөл ауылындағы үш көшеге 6,6 шақырым көше жарығын тарту жұмыстары аяқталып, 7 ауылдық елді мекеннің 12 шақырымға жуық көшелеріне жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.
2023 жылдың екінші жартыжылдығынан бастап Щучинск қаласының көшелерін жарықтандыруды қалпына келтіру жұмыстары қолға алынып, бүгінгі күнге дейін оның 19 шақырымы қалпына келтірілді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.