Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысында «Қарызсыз қоғам» жобасы іске асырыла бастады - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысында «Қарызсыз қоғам» жобасы іске асырыла бастады

Жуырда Көкшетау қаласында халықтың қаржылық сауатын арттыруға бағытталған «Қарызсыз қоғам» жобасы бойынша оқыту басталды. Жоба облыс орталығымен қоса, Степногорск, Қосшы қалалары және Целиноград, Бурабай аудандарында да бастау алды.

«Қарызсыз қоғам» жобасы – «AMANAT» партиясы мен Halyk Bank-тің бірлескен бастамасы. Аталған жоба несие бойынша берешегі бар және борышкерлер тізімінде тұрған тұрғындар, қарызы бар және оның мерзімін 90 күнненаса өткізіп алған азаматтар, мемлекеттен жеңілдікпен несие алуға үміткер кәсіпкерлерге арналған.

– «Қарызсыз қоғам» партиялық жоба бүгін міне,басталып жатыр. Өңірдегі бес ауданда оқу басталды. Айтып кететін жағдай, бұл жерде мақсат – 90 күннен асқан несиесі бар адамдарға нақты көмек көрсету. Бұнда тек теория жағынан түсіндірмемен шектелмейміз, қатысушылар нақты мәселесімен және проблемасымен «Аманат» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесінде менторға жүгініп, тақырыптық қабылдауда бола алады. Жалпы мақсат – қоғамды қарызсыздандыру жоспары болып тұр. Яғни, қарыз алған адамдардың санын азайту, – деді «Аманат» париясының облыстық филиалының атқарушы хатшысының орынбасары Ақманат Әлімбетова.

Сондай-ақ, борышкерлерге тегін заң көмегін көрсету жоспарланған.Былтыр еліміздің 8 өңірінде «Қарызсыз қоғам» пилоттық жоба ретінде өз жұмысын бастаған болатын. Сәйкесіншеол өз тиімділігін көрсетіп, жалпыхалықтық бағдарламаға айналды. Өткен жылы 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында «Қарызсыз қоғам» жобасын ерекше атап өтіп, жоба игілігін бүкіл еліміз көруі үшін оның ауқымын кеңейтуді тапсырған еді. Биылдан бастап, 17 өңір мен үш республикалық маңызы бар қаланы қамтитын жоба арқылы 750 мыңдай адамды оқыту көзделген.Соның ішінде Ақмола  облысында  8200 адамды оқыту жоспарда бар. Басталған жобалық оқытуғаалғашқы күні 171 қатысушы келді. Оқыту жыл бойы облыстың барлық аудандары мен қалаларында бірнеше кезеңмен өтеді. Тыңдаушылар саны кемінде 20 адамнан асатын ауылдарға да барып, оқытуды іске асыру мүмкіндігі бар. Оқуға тіркелу аудандық, қалалық жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдерінде жүргізіледі. Курс барысында қатысушылар қаржылық сауаттылықты арттырып қана қоймай, алаяқтардың арбауына түспеудің жолдарын да үйренеді.

– Бүгінгі таңда Қазақстанда 1,7 миллион адамның 90 күннен мерзімі өткен несиесі бар. Тығырыққа тірелген тұрғындар кімнен көмек сұрарын білмей, дал болуда. Оларға қол ұшын созып, қарыздан құтылудың тиімді жолдарын теория арқылы ғана үйретіп қоймай, жауапты тұлғалармен кездесіп, әр қатысушының нақты мәселесін жеке-жеке шешуге қадам жасамақпыз,  ол үшін Қаржы нарығын реттеу жөніндегі агенттік, екінші деңгейдегі банктер, заңгерлер де ат салысады. Соның нәтижесінде, қарызданушылардың бұғатталған жеке есеп шоттары ашылып, белгілі кесте құрылады. Ел болып жұмылып, жұмыс істейтін болсақ, мәселенің оң шешімін табатынына сенім мол, – деп түйіндедіоқытуды жүргізуші, ментор Дәуренбек Жүсіпов.

Аталмыш жобаның тағы бір тиімділігі, мемлекеттік жобалардың аясында кәсіп бастаймын деген тұрғындарға бизнестің жобасын жасауды да үйретеді. Айта кетейік, бұл жобаға кез-келген адам қатыса алады. Оған қоса, «мектеп оқушылары мен студенттердің қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған арнайы әдістемелік және оқу құралын әзірлеу де жоспарда бар» дейді ұйымдастырушылар.

Аталған шара төңірегінде тұрғындардың пікірі мен жағдайларын білуге тырыстық. Олардың қатарындағы кәсіпкер Ғалия Зияденова«Жоба арқылы қаржылық сауаттылықты үйреніп, оны жақындарыма үйретуді жоспарлап отырмын. Жақында мен кей адамдардың азық-түлікті несиеге алатынын естіп, қамықтым. Тапқан табысымыздан жұмсауымыз көп болып тұр. Сондықтан, тұрғындар қаржылық сауаттылықтарын арттырып, ақша жинау мәдениетін үйренсе жақсы болар еді» деген пікірімен бөліссе, «Жобаға келген себебім, тапқан табысымды тиімді пайдалануды үйренгім келеді. Халықтың қаржылық сауаттылығының жоғары деңгейде болмағандығынан бұл мәселе өзекті болып отыр. Ақшаны тиімді жұмсай алмағандықтан, несие алып, қарызданып жатқан адамдардың қарасы қалың», – дейді тағы бір қатысушы Айжан Қайратқызы.

Жалпы, Үкімет халықтың шамадан тыс несие алуын төмендету және «Қарызсыз қоғам» жобасының ауқымын кеңейту бойынша нақты шаралар қабылдап отыр. «Қарызсыз қоғам» жобасының мақсаты – азаматтарға қаржылық және құқықтық білікті көмек көрсету, халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру, азаматтардың банктік несиелер мен шағын несиелер бойынша проблемалық қарыздарын шешуге көмектесу екені нақтыланды.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар