Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
МӘМС арқылы қандай медициналық көмекті тегін алуға болады - АРҚА АЖАРЫ

МӘМС арқылы қандай медициналық көмекті тегін алуға болады

 — МӘМС жүйесінде сақтандырылған адамдар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру ұсынатын медициналық көмектің кеңейтілген спектріне ие бола алады. Бұл туралы Жетісу облысының әкімдігі баспасөз қызметі мәлім етті.

МӘМС келесі медициналық қызметтерді қамтиды:

– профилактикалық медициналық тексерулер;

– учаскелік дәрігердің нұсқауы бойынша арнайы маманданған дәрігердің қабылдауы және кеңес беруі;

– созылмалы дертке шалдыққан жандардың бейінді мамандардың бақылауында болуы;

– уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша халықтың жекелеген санаттарына шұғыл және жоспарлы нысанда стоматологиялық көмек көрсету;

– халықтың белгілі бір категориясына шұғыл және жоспарлы түрде стоматологиялық көмек көрсету;

– диагностикалық қызметтер, оның ішінде лабораториялық диагностика (УЗИ, рентген, КТ, МРТ);

– мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялы, стационарлық медициналық көмек;

– медициналық оңалту;

– стационарда мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету.

«Сақтандырылған» мәртебеңіз бола тұра, емханада медициналық көмекке жүгіну кезінде қиындықтар туындаса бірден пациенттерді қолдау қызметіне (әрбір емханада бар) немесе қордың ресми байланыс арналары колл-орталық 1414 нөмірі немесе Qoldau мобильдік қосымшасы арқылы өтініш қалдыра аласыз:

Еске сала кетейік, бұған дейін 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға төленетін жарналар мен аударымдар мөлшері өзгергенін хабарлаған болатынбыз.

Дереккөз: kaz.inform.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар