МӘМС арқылы қандай медициналық көмекті тегін алуға болады

 – МӘМС жүйесінде сақтандырылған адамдар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру ұсынатын медициналық көмектің кеңейтілген спектріне ие бола алады. Бұл туралы Жетісу облысының әкімдігі баспасөз қызметі мәлім етті.

МӘМС келесі медициналық қызметтерді қамтиды:

– профилактикалық медициналық тексерулер;

– учаскелік дәрігердің нұсқауы бойынша арнайы маманданған дәрігердің қабылдауы және кеңес беруі;

– созылмалы дертке шалдыққан жандардың бейінді мамандардың бақылауында болуы;

– уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша халықтың жекелеген санаттарына шұғыл және жоспарлы нысанда стоматологиялық көмек көрсету;

– халықтың белгілі бір категориясына шұғыл және жоспарлы түрде стоматологиялық көмек көрсету;

– диагностикалық қызметтер, оның ішінде лабораториялық диагностика (УЗИ, рентген, КТ, МРТ);

– мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялы, стационарлық медициналық көмек;

– медициналық оңалту;

– стационарда мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету.

«Сақтандырылған» мәртебеңіз бола тұра, емханада медициналық көмекке жүгіну кезінде қиындықтар туындаса бірден пациенттерді қолдау қызметіне (әрбір емханада бар) немесе қордың ресми байланыс арналары колл-орталық 1414 нөмірі немесе Qoldau мобильдік қосымшасы арқылы өтініш қалдыра аласыз:

Еске сала кетейік, бұған дейін 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға төленетін жарналар мен аударымдар мөлшері өзгергенін хабарлаған болатынбыз.

Дереккөз: kaz.inform.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар