Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ауған жауынгерлері! Құрмет пен ізет - АРҚА АЖАРЫ

Ауған жауынгерлері! Құрмет пен ізет

15 ақпанда Кеңес әскерлерінің Ауғанстан Республикасынан шығарылғанына 35 жыл толды. Осы датаға орай, «Достар» мәдениет сарайында салтанатты жиын өтті. Оған Көкшетау қаласының жұртшылығы, Ауған соғысында болғандар жиналды. Бұл күні дәстүр бойынша интернационалист жауынгерлерге құрмет көрсетілді.

Алқалы жиынның басы Ауған соғысының жауынгерлеріне арналған саябақтағы ескерткішке гүл шоқтарын қойып, қаза болғандарға құрмет көрсетумен басталды. Ауғанстанда қайтыс болған жауынгерлерге арналып орнатылған ескерткіш 2003 жылы ашылып, осы жылы 6 метр биіктікке көтеріліп, стелламен толықтырылған. Ескерткіштің қасбет қырында екі тілде «1979-1989 жылдары Ауғанстанда қаза тапқан жауынгерлерге» деген жазу және ауған жерінде қаза болған ақмолалық және көкшелік 89 қыршынның аты-жөні жазылған.

Іс-шарада облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Жандаулет Қылышбаев сөз сөйлеп, Ауған соғысының 35 жылдығына орай, 10 ардагерге Ақмола облысы әкімінің алғыс хатын табыс етті. Оған қоса, Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің генерал-майоры Нағашыбай Атшабаровқа облыс әкімінің арнайы сыйлығы тапсырылып, шапан жабылды.

– Әр елдің тарихында ұмытылмас оқиғалар бар. Сол оқиғалардың бірі Ауған соғысы. Ауғанстан жеріндегі соғыс, тарих беттерінде өзіндік із қалдырды. «Ерлік жан-дүниенің ұлы қасиеті» деген ұғым бар. Жалындаған жастық шағының бір бөлігін оқ пен оттың арасында өткізіп, еліне аман-сау оралып, туған жерімен қауышқан батыр майдангерлер міне, алдарымызда отыр, – деп сөз сөйлеген «Ақмола облысының Ауған соғысы ардагерлерінің одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Дуанбай Ыбырай соғыста қаза болғандарды еске алу үшін бір минут үнсіздік жариялады. Одан әрі Ауған соғысына қатысқан ақмолалық 12 ардагерді 35 жылдық мерекелік медальмен марапаттады.

Сонымен бірге, Ақмола облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы Талғат Тұрабаев өз кезегінде жиынға қатысушыларды құттықтап, Қазақстан Република Қорғаныс Министрінің Алғыс хатын және мерекелік медальді бір топ Ауған соғысының ардагерлеріне табыстады. Әрі қарай жиында публицист Әлия Ахетованың «На той войне незнаменитой» атты  кітабының таныстырылымы өтті. Кітап авторы, жерлестеріміздің ерлігі жайлы көптеген деректер  айтты. Оның сөзінше, бұл жай ғана шығарма емес, Ауған соғысы кезінде қайтыс болған қайғылы тағдырлар жинағы. Сөздің қасиетінен болар, ардагерлер мен көрермендер оның сөзін  орнынан тұрып, қошемет көрсете тыңдады. Аталған кітаптың осымен үшінші томы жарық көріп, оқырмандарға жол тартып отыр.

Қорытындылай келе, шара өткен жылдардағы емес, салтанатты рәуіште өтті. Бұлда болса, соғыс көрген аға буынға көрсетіліп жатқан зор құрмет. Залда отырған ардагерлердің барлығының  шаштары ағарып, кәріліктік көрінісі анық байқалған. Бірақ, әлі жігерлі. Осы келбеттерінен олардың өздерінің әскери борыштарына  адал болғандарын, батылдық пен табандылық танытқадарын, төзімді болғандарын аңғаруға болады.

Айта кетейік, қазіргі уақытта облысымызда 716 Ауған соғысының ардагері тұрады. Халық жадындағы Ұлы Отан соғысының ардагерлері бұл күнде саусақпен санарлық қана, бірен-сараны ғана қалып отыр.  Ал, аяқталғанына 35 жыл толып жатқан ауған соғысы ардагерлері 55 пен 70 жас аралығында. Бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанда бейбіт өмір сүріп жатқан халқымыз, әсіресе, жастар жағы қан майданды көрген ерлеріміздің есімдерін ұмытпаса, есте ұстаса екен деген тілектеміз.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар