Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Құрылысы үш жылға созылса да, әлі аяқталмаған үйлер бар - АРҚА АЖАРЫ

Құрылысы үш жылға созылса да, әлі аяқталмаған үйлер бар

Ақмола облыстық мәслихатының депутаты Умар Шоназаров «AMANAT» партиясы облыстық филиалының партиялық бақылау комиссиясының құрамында Көкшетау қаласының «Сарыарқа» шағын ауданында салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысына мониторинг жүргізді. 

Көкшетау қаласының құрылыс бөлімінің ақпараты бойынша, бүгінгі таңда «Сарыарқада» жалпы ауданы 92 мың шаршы метр болатын 20 көп пәтерлі тұрғын үй салынуда, оның 17-сі кредиттік және 3-еуі жалға берілетін үй.

–Үш жалға берілетін үйді биылғы жылдың наурыз айында пайдалануға беру жоспарлануда.  Құрылыс 2020 жылы басталып, жобаны түзетуге  арналған кұжаттаманың бірнеше рет қайтарылғанына  байланысты үш жылға созылды. Пәтерлердің бір бөлігі Вернадский көшесіндегі апатты үйдің тұрғындарына арналғанын ескере отырып, 1 наурызға дейін барлық жұмыстар, оның ішінде құжаттама бойынша жұмыстардың аяқталғаны маңызды, – деп атап өтті Умар Файзудинұлы.

Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері кредиттік үйлер құрылысының барысын қарап шықты, олар да ағымдағы жылдың наурыз айында тапсырылуы тиіс.

–Алайда, аяқталу сатысындағы үйлердің кірме жолдар мен жаяу жүргіншілер жолдарында проблема бар, бұл қала тұрғындарының наразылығын тудырады. Кейбір үйлердің құрылысы 2020 жылы басталған, алайда сыртқы инженерлік желілер жоқ, осыған байланысты объектілерді пайдалануға беру мүмкін емес. Кейбір позицияларда жұмыс бірінші қабат тұрғызылғаннан кейін тоқтатылды және үш жыл бойы жүргізілмеді.  Бүгінгі таңда жобаны түзету қажет, қаражат тапшылығы бар. Жылдан-жылға түзету мәселелерін түсіндіру және үйлерді тапсыруға уәде беру дұрыс емес, өйткені, бұл жағдайда қала тұрғындары зардап шегеді. Облыстық мәслихаттың депутаты ретінде мен бұл мәселені сессияда және мәслихат жанындағы бюджеттік комиссияда көтеремін, сонымен қатар, бұл мәселе партиялық бақылауда тұрғанын да айтқым келеді, – деп атап өтті Умар Шоназаров.

Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар