5 мың тоннадан астам көкөніс өнімдеріне келісім-шарттар жасалды

 Ақмола облысында маусымаралық кезеңде көкөніс өнімдерінің бағасы форвардтық қаржыландыру тетіктері мен револьверлік сұлба арқылы төмендетілді.

«Көкше» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы ірі шаруа қожалықтарымен келісім-шартқа отырды, олар қазір дүкендерге өнімдерді бекітілген бағамен тікелей жеткізеді. Осылайша қыста картоп пен сәбіз, пияз мен қырыққабат халыққа қолжетімді болды.

Биыл маусымаралық кезеңде Ақмола облысына 5 мың тоннадан астам көкөніс өнімдерін жеткізуге алдын ала келісім-шарттар жасалды.

Өңірде бұл көкөністерді жеткізу 2024 жылдың ақпан айында басталды.

Негізгі жеткізушілер Ақмола облысының, Солтүстік Қазақстан облысының және Жамбыл облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері болып табылады. Мәселен, «Агротрейд Көкше» ЖШС картоп пен сәбіз жеткізуді қамтамасыз етеді. «Зеренді сақтау өнімдері» кәсіпорны картоппен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, «ПКФ Табыс» серіктестігінің картоп көлемі де бар.

Өнімдер Көкшетау қаласының әртүрлі аудандарында орналасқан «Kokshe Market» төрт әлеуметтік павильонында (Центральный шағын ауданы, 32; Васильковка ықшам ауданы 29/1; Ы.Алтынсарин к., 6; І.Есенберлин к., 3) халыққа сатылуда.

Сондай-ақ, 22 тұрмыстық дүкенде, оның ішінде Ақмола облысының аудан орталықтарында облыстық тұрақтандыру қорының өнімдері бар әлеуметтік сөрелер бар.

«Көкше» ӘКК» АҚ өңірлік тұрақтандыру қорының өнімдерін, сондай-ақ форвардтық сатып алу және «айналмалы сұлба» тетіктері арқылы келісім-шартқа отырған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін сату үшін Ақмола облысының кәсіпкерлерін ынтымақтастыққа шақырады.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар