Мүшелікке қабылдап, жоспарларымен бөлісті

Өткен сәрсенбі күні редакциямызда «Желтоқсан 1986-Көкшетау» және «Семей-Невада» қоғамдықбірлестіктерінің төрағалары Ерлан Қайықов пен Мұратбек Балтабаев, сондай-ақ, Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының қоғамдық даму орталығының басшысы Айдар Қожабаев «Арқа ажары» газетінің қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Ерлан Қыйықов газетіміздің жауапты хатшысы Асылай Қадырқызына «Желтоқсан 1986-Көкшетау» қоғамдық бірлестігіне мүшелікке қабылданғаны жөніндегі төсбелгі мен куәлігін тапсырды. Сондай-ақ, аталған қоғамдық ұйымның жұмыс жоспарымен таныстырып, осы бағытта газеттің шығармашылық ұжымымен тығыз байланыста жұмыс істеу ниеті тұрғысындағы өз ойларын ортаға салды.

Кездесуде сонымен бірге, «Ақмола-«Тіршілік» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, мемлекет және қоғам қайраткері Жабал Ерғалиев сөз алып, қоғамдық бірлестік мүшелігіне қабылданған әріптесімізді құттықтай келе, Желтоқсан көтерілісінің маңыздылығына тоқталды және редакциямызға ізгі ниетпен ат басын бұрған аталмыш қоғамдық бірлестіктердің жетекшілеріне алғысын білдіре отырып, ортақ іске пайдасын тигізер кез-келген үкіметтік емес ұйыммен әрдайым ел игілігі жолында бірлесе жұмыс істеуге, оларды ақпараттық қолдауға редакция ұжымының дайын екендігін жеткізді.

Құрылғанына көп болмаған бірлестік құрамында қазір 75 мүше бар. Алдағы уақытта өз қатарын одан әрі толықтыруды көздеген ұйым ызғарлы Желтоқсанның әлі де белгісіз болып келе жатқан ақиқатын ашып, қоғамымыздағы орнын айшықтай түсуге өз үлесін қоспақшы.

Мұхамет Тілеубай,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар