Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов цифрландыру саласындағы мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылып жатқан Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасының «Smart Aqmola» мекемесінің жұмысымен танысты.
Басқарма басшысы Бауыржан Рапиков Ақмола облысының әкіміне Үкіметтің кеңейтілген отырысында облысты цифрландыру мәселелері бойынша берілген тапсырмаларды іске асыру жөніндегі шаралар туралы хабардар етті. Сондай-ақ, жасанды интеллект технологияларын кеңінен қолдана отырып, экономиканың әртүрлі салаларын цифрландыру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізілді.
– Ақмола облысы әкімінің Ахуалдық орталығы, мемлекеттік органдардың деректері легін бірыңғай тұғырнамада біріктіруге, оларға талдау жүргізуге, ұлттық жобалардың көрсеткіштеріне мониторингтеуге, тапсырмалардың орындалуын және мерзімдерін бақылауды іске асыруға, автоматты түрде есептерін жасауға тиісті. Басқа сөзбен айтқанда, ол әкімнің басқарушылық шешімдер қабылдауындағы цифрлық көмекшісі болуға тиісті, – деді Бауыржан Рапиков.
Өз кезегінде облыс әкімі процестерді тиімді басқару мақсатында Ахуалдық орталықтың жұмысын ұйымдастыру бойынша бірқатар тәжірибелік ұсыныстар енгізді.
– Ахуалдық орталықта көп жұмыс атқарылды, әлеуеті зор. Дегенмен, енгізілген ақпарат оперативті болуы керек, не болып жатқанының нақты көрінісін көру үшін талдау жұмыстарын жүргізу қажет. Біз материалды көрсетудің тұсаукесер түрінен алшақтауымыз керек, – деп атап көрсетті М.Ахметжанов.
Келесі кезекте аймақ басшысы облыс тұрғындарының тек коммуналдық мәселелер бойынша ғана емес, денсаулық сақтау, білім беру салаларындағы өтініштерін қабылдайтын iKomek «109» қызметінің жұмысымен танысты. Сондай-ақ әкімге «112» бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметінің қызметі туралы баяндалды.
Сонымен қатар, сапар аясында әкімге 2023 жылдың қыркүйегінен бері жұмыс істеп келе жатқан Aqmola IT Hubөңірлік технопаркінің жұмысы таныстырылды. Осы кезеңде мұнда 66 іс-шара өткізіліп, оған 1,5 мың адам қатысты. Көкшетаудағы екі жекеменшік IT мектебінде жүзден астам ақмолалық «Тех Орда» бағдарламасы бойынша білім алуда.
Облыс әкімі Марат Ахметжанов өзінің түйінді сөзінде есептерді жаңарту және басқа да ақпараттық жүйелермен, соның ішінде жағдаяттық орталықпен интеграциялау бөлігі бойынша жұмысты жақсартуға тапсырма берді.
Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі.