Ақмола облысы мен Беларусь Республикасы ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Көкшетауда Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Павел Утюпинмен кездесуі өтті, онда ынтымақтастық перспективалары талқыланды. Тараптар ауыл шаруашылығы салаларындағы өзара іс-қимылға ерекше назар аударды.

Делегацияны қарсы ала отырып, өңір басшысы аймақтың экономикалық дамуы, туристік әлеуеті және халықаралық ынтымақтастық туралы айтты.

«Ақмола облысы – Қазақстанның негізгі аграрлық өңірлерінің бірі. Республиканың ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің оннан бір бөлігі біздің өңірге тиесілі. Егіс алқабы 5 млн. гектардан асады. Егілген алқаптардың шамамен 90% – зер дәнді және бұршақты дақылдар алып жатыр. Жайылымдық жерлер – 4,4 млн. га. өңірдің айтарлықтай өнеркәсіптік әлеуеті бар. Бұл тау-кен және өңдеу өнеркәсібі, соның ішінде химия, машина жасау, құрылыс индустриясы және тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары. Біздің облыс 26 елге өнім экспорттайды, біздің аумағымызда барлығы 50-ге жуық экспорттаушы компания жұмыс істейді», – деп атап өтті М.Ахметжанов.

Әңгіме барысында Марат Ахметжанов өңірдің тиімді географиялық жағдайы бар екенін және бизнесті дамыту мен инвесторларды тарту үшін логистикалық әлеуеті кең екеніне назар аударды.

Өз кезегінде Павел Утюпин сапардың негізгі мақсаты одан әрі ынтымақтастықты нығайту екенін мәлімдеді.

«Біз облыстың әлеуетін зерттедік және бірнеше саладағы ынтымақтастық туралы ұсыныстар жасадық. Әрине, біз машина жасауға басымдық бердік, өйткені бізде бұл сала жақсы дамыған. «Қазақстандық Агро Инновациялық Корпорация» бірлескен кәсіпорнындағы өзара іс – қимылымызды жалғастырғымыз келеді, ол барлық қолайлы жағдайлар жасалып жатқан табысты кооперациялық кәсіпорынның бір мысалы болып табылады», – деп толықтырды   П. Утюпин.

Әңгіме барысында Беларусь Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі ауыл шаруашылығы мен өнімді қайта өңдеудегі ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, «Қазақстандық Агро Инновациялық Корпорация» 2016 жылдан бастап дуалды білім беру аясында Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжімен ынтымақтасады.

Дереккөз: www.gov.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар