Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Партиялықтар «Дарын» спорттық-дамыту орталығының жұмысымен танысты ! - АРҚА АЖАРЫ

Партиялықтар «Дарын» спорттық-дамыту орталығының жұмысымен танысты !

Осыдан бірнеше күн бұрын ерекше қажеттілігі бар балалардың спорттық, мәдени үйірмелерге қатысуы туралы мәселе көтеріп бір топ ата-ана партияға келген болатын.

Бүгін облыстық партия филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Ақманат Әлімбетова, партия филиалы жанындағы отбасы және әлеуметтік мәселелер бойынша кеңестің мүшелері  облыстық мәслихат депутаты Құралай Жұмабекова, «Инклюзивті ата-аналар» қоғамдық қорының Президенті Махаббат Қасымова, «Я сам шагаю» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Гаухар Камелинова, «Ерекше өмір» қоғамдық бірлестігінің өкілдері бүгін ерекше қажеттілігі бар балаларға білім беретін Көкшетау қаласындағы «Дарын» спорттық-дамыту орталығында болды. Басты мақсат дамуында тежеуі бар балалар үшін қаламыздағы спорт, мәдени орталықтарының жай-күйін анықтау, ата-аналардың көзқарасын білу.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ерекше қажеттіліктері бар балаларға жан-жақты жағдай жасау мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде. Кейінгі жылдары оңалту орталықтарының желісі айтарлықтай артты.

Бұл орталық 2021 жылдың ақпан айынан бастап жұмыс істеп тұр. Күнделікті логопед, психолог, дефектолог, емдік дене шынықтыру тренерлері мен тәрбиешілер балаларды тегін қабылдайды. Мемлекеттік тапсырыс аясында жұмыс істеп жатқан орталықтың іші кең, жарық, жылы, әр маманға жеке-кабинет бөлінген. Ата-аналар тарапынан да қолдау бар екені көрініп тұр. Бүгінде оңалту орталықтары мен көмек көрсету орталықтары ерекше балалардың ата-аналары үшін ауадай қажет. Себебі мұндай орталықтар баланың денсаулығын жақсартуға және оларды әлеуметтендіруге көмектеседі.

Ата-аналар тарапынан келіп түскен өтініш пен ұсыныстарды бойынша әлі де партия алаңында жұмыс жалғасатын болады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар