Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әркімнің грантты ұтып алу мүмкіндігі бар - АРҚА АЖАРЫ

Әркімнің грантты ұтып алу мүмкіндігі бар

Биылғы жылы ең үздік әлеуметтік жобаларын ұсынған жас ақмолалықтар бір миллион теңге көлемінде грант ұтып алуға мүмкіндіктері бар.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Сабырхан Кенжебаев, «Zhas Project» жобасының үйлестірушілері Гүлнәр Нұрмұханбетова мен Арина Краснова кеңінен баяндап берді. Қазақстанда үшінші жыл қатарынан «ZhasProject» жобасы жүзеге асырылуда. Ол мыңдаған жас қазақстандықтарға әлеуметтік кәсіпкерлікте өз бақтарын сынап көруге, жаңа білім мен дағдылар алуға және лайықты болашаққа үміт артуға мүмкіндік берді. Брифингте жобаның мәні жұмыс істемейтін және оқымайтын жастардың өмірін өзгерту екендігі жөнінде айтылды. Жобаға қатысу үшін өтінімдер 25 наурыздан 24 сәуірге дейін қабылданып, содан кейін техникалық іріктеу өтеді. Ал, жоба жеңімпаздары 15 мамырда анықталады.

− Бұл осал топтарды, әсіресе, ауылдық жерлерде тұратын жастарды қолдауға бағытталған бірегей жоба. Бастама жастарды елдің әлеуметтік-экономикалық өміріне тартуға және нәтижелі жұмыспен қамтуға  көмектеседі,−деді өз сөзінде Сабырхан Кенжебаев.

Сондай-ақ, брифингте Гүлнәр Нұрмұханбетова жобаға қатысу үшін қажетті құжаттар тізімін айта келе, бұл бастама жастарға өз идеяларын жүзеге асырып қана қоймай, кәсіпкерлік қызметте құнды тәжірибе жинақтауға да мүмкіндік беретінін атап өтті.

− Жобаға қатысу үшін 18-35 жас аралығын және Қазақстан азаматтығы мен уақытша тұрақсыз жастар мәртебесін қоса алғанда, белгілі бір өлшемдерге сәйкестік маңызды шарт болып табылады. Сондай-ақ, шағын гранттар конкурсына өтінім беру үшін веб-ресурста жеке тіркеуден өтіп, сауалнаманы толтыру және қажетті құжаттарды жинау керек.  Яғни, жеке куәліктің көшірмесі, облыс аумағында электрондық үкімет порталында жеке кабинеттен тіркелгенін, қатысушының осал топқа жататын мәртебесін растайтын құжаттар. Жеке тіркеуден өткеннен кейін қатысушыға белгіленген нысан бойынша веб-ресурста жобалық өтінім беру қажет. Жалпы, бұл жобаға бұрын қатысқан азаматтардың арасында өз кәсібін ашып, үлкен табысқа жеткен адамдар көп. Ең алдымен, әрбір адамға күш-жігер мен сенім керек. Дегенмен, бұл жұмыссыз жүрген жастарға және әлеуметтік осал топтардың мүшелеріне көрсетілген үлкен қолдау болатынына сенімдімін, − деді ол.

Ақмола облысы бойынша жоба аясында өз кәсібін бастауға ниетті  азаматтарға қайтарымсыз 1 миллион теңгеге дейін сомаға гранттар беру көзделген. Баяндамашылардың айтуынша, қазір әлеуметтік желілерде түсіндіру жұмыстары, өңірлерде кездесулер, жастар-ресурстық орталықтарымен, жергілікті үкіметтік емес ұйымдармен жұмыстар, шеберлік сағаттары, жастармен тренингтер жүргізілуде. Арина Краснова да осы гранттардың арқасында бүкіл Қазақстан бойынша тігін шеберханалары, тілдік мектептер, бос уақыт клубтары, спорт секциялары, балалар орталықтары, наубайханалар, жылыжайлар және тағы басқа нысандардың ашылғанын жеткізді.

− Жоғарыда атап өткеніміздей, жобаның маңызды элементі NEET жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады. Бұған білім беру ресурстарына қол жеткізу, консультациялық қолдау және өз жобаларын іске қосу үшін қаржылық көмек кіреді. Осының арқасында облыста жаңа жұмыс орындары құрылып, кәсіпкерлік саласыілгері басуда, − деп  толықтырды ол.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар