Өрт бір адамның өмірін қиды

Ақкөл ауданының Еңбек ауылында жеке тұрғын үйде өрт шығып, ер адамның денесі табылды. 

Ағымдағы жылдың 19 ақпанында таңғы 4 жарым шамасында орын алған жеке тұрғын үйдегі өрт 65 шаршы метр алаңды құраған. Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт шыққан орынға жеке құрамнан 7 адам және 2 техника жұмылдырылған.

Таңғы сағат 6-55-те оқшауланған өрт сағат 8-дер шамасында толығымен сөндірілді. Өрт орнында 1966 жылы туған ер адамның денесі табылды.

Осындай қайғылы оқиғалардың қайталанбауы үшін департамент облыс тұрғындарын өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады. Төтенше жағдай туындаған жағдайда «101» немесе «112» нөмірі бойынша шұғыл түрде хабарлау қажет.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар